ЮРМАЛАДАН АЛТЫН ЖӘНЕ ҚОЛА ЖҮЛДЕ

Амина Каирбекова, государственный тренер Дастан Капаев и Казбек Ногербек26 ақпан мен 5 наурыз күні Юрмалада (Латвия)  үлкен “Юрмала шахмат күндері”  фестивалі өтіп жатыр. Фестиваль 7 турнирден тұрады, ал арасында ең ауқымдысы – шахматтан “Алексей Широв қысқы кубогы” халықаралық балалар турнирі.

Турнир 27 ақпан күні басталады. Бұл сайысқа Қазақстандық шахматшылар да қатысады. Ал 26 ақпанда – фестиваль аясында блиц бойынша Латвия ашық чемпионаты өтті. Оның қорытындысы бойынша қазақстандық шахматшылар 2 алтын және 2 қоланы жеңіп алды. Әсіресе бірінші орын иеленген  Ансат Алдияр (10 жасқа дейінгі қатысушылар арасында, 9-дан 9 ұпай) мен Нөгербек Қазыбек (14 жасқа дейінгі қатысушылар арасында, 9-дан  8,5 ұпай) көзге түсті. Ал, қола жүлдені Амина Қайырбекова (14 жасқа дейінгі қыздар арасында, 9-дан  5 ұпай) және Ахмединов Сатбек (14 жасқа дейінгі қатысушылар арасында, 9-дан 7 ұпай) жеңіп алды. Фестивальдің басқа ірі турнирі болып  ” Талль Мемориал ” (рапид және блиц) табылады, онда қазақстандық шахмат рейтингісі бойынша  нөмірі бірінші  шахматшы Ринат Жұмабаев ойнайды.