Диана Асаубаева өзінің Румыниядағы ойыны туралы пікір бөліседі

Басып шығару
PDF

 

Бүгінгі репортаж алғашқы Әлем чемпионкасы аталған шахматшыға арналған. Зейінсіз жанкүйерлер Бибісары Асаубаеваның, Жансая Әбдімәліктің және Динара Сәдуақасованың жеңістеріне еті үйренсе, Қостанай қаласының мектеп оқушысы Дианы Асаубаеваның жеңісіне жаңа көңіл аударды. Бразилиядағы Әлем чемпионатының қорытындысы және турнир барысы Диананың әлеуеті бар екендігін көрсетті және ол бұны Румыниядағы ойынымен дәлелдеді. Сондай-ақ 20-жасқа дейінгі қыздар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатын жемісті өткізді. Қостанай шахмат мектебі үшін бұл үлкен жетістік. Диананың жеңісі өңірде шахматты дамыту үшін түрткі және жас шахматшылардың кәсіби өсуі үшін ынта болатындығына сенеміз. Қазақстанда бәсекелесттікке төтеп бере алатын шахматшы пайда болды деп болжауға негіздеме бар. Апта ішінде күн сайын оны Гроссмейстерлерге арналған шахмат мектебінде оқу-жаттықтыру жиындарында көремін. Диана жарқын, күлімсіреген жүзді және жылы шырайлы қыз болып көрінеді. Кіріспе бөлімнен диалогқа көшейін. Танысыңыздар, Диана Асаубаева сұрақтарға жауап береді.

Диана, ең алдымен оқушылар арасында өткен Әлем чемпионатында жеңіске жетуіңмен құттықтаймын! Турнирдегі күрес барысы туралы айтшы. Қолыңнан не келіп, не келмеді?

Құттықтауыңыз үшін рахмет! Мен 9 партия ойнадым, 6-н жеңіп, 3-ін теңбе-тең ойнадым. Турнирдің барлық барысында өте қызу бәсекелестік орын алды. Үшінші турда рейтинг-фаворитпен кездесіп, жеңіске жеттім! Осыдан кейін барлық партияларды бірінші үстелде өткіздім. Ең ауыр ойын Румия шахматшысымен болды, оны позициясы жақсы болатын, бірақ мен қиыншылықтарды жеңе алдым.

Петр Костенкодан кейін Қостанайда Әлем чемпионы түгілі Қазақстан Республикасы Чемпионатының жеңімпазы деген атымен болған жоқ. Сенің арқаңда осындай сапалы серпіліс орын алды ма?

Менің жаттықтырушыларым Татьяна Рафаиловне Верко және Петр Евгеньевич Костенкоға алғыс білдіргім келеді! Румынияда Пётр Евгеньевич күн сайын партияға дайындалуға көмек берді. Осының арқасында мен жеңіске жеттім.

Жақсы шахматшы ретінде сен туралы көбі біледі, әсіресе Румыниядан кейін. Әлем чемпионы күнделікті өмірде немен әуестенеді?

Мектепке барамын, кітаптар оқимын, серуендеймін. Бұрын жүзумен айналысатынмын, қазір шахмат уақыттың көп бөлігін алады. Жалпы алғанға, кәдімгі өмір сүремін.

Таяудағы шығармашылық жоспарларың қандай? Қандай жарыстарға қатыспақ ойың бар?

Халықаралық гроссмейстер Евгений Юрьевич Владимировтың басшылығымен Астана қ. гроссмейстерлердің шахмат мектебінде өтетін оқу-жаттықтырушы жиынына қатысуды жоспарлаймын. Қазақстан Республикасы Шахмат федерациясының вице-министрі Дәрмен Сәдуақасовқа жиынға қатысуға шақырғаны үшін алғыс білдіремін, бұның мен үшін маңызы өте зор. Маусымда Шри-Ланкада өтетін Азия чемпионатына қатысайын деп жатырмын. Шілде айына Қарқаралы (Қарағанды облысы) жиыны жоспарланған. Тамызда Грецияда 20 жасқа дейінгілердің Әлем чемпионаты өтеді. Әрі қарай болғаны болады.

Румыниядағы әлем чемпионатына дайындық қалай өтті?

Таңдаларлық ештеңе болған жоқ. Петр Евгеньевичпен жұмыс жасап, әртүрлі жарыстарға қатыстым.

Шахматта қандай жетістіктерге жеткің келеді?

Ең алдымен мен халықаралық шебердің атағын алғым және ресми чемпионатта Әлем чемпионы болғым келеді. Содан кейін көреміз.

Дәстүр бойынша, Ұлттық федерация сайтының қонақтарына бірер сөз айтшы. Сұхбат бергенің үшін рахмет!

Сізге де рахмет! Сайт гүлденіп, ықылас қонақтар көбейсін! Барлық шахматшыларға турнирлерде табыс және жақсы ойын тілеймін!

Антон Скурыгин, Қазақстан Республикасы Шахмат федерациясының баспасөз хатшысы

Генеральный спонсор

Логин:
Пароль:


Рейтинг шахматистов

Полезные ссылки

Мини-энциклопедия

История шахмат
Виды шахмат
Шахматы в Казахстане. Как все начиналось
Правила шахмат ФИДЕ

Kak samomu postroit dom

Kopirajting