ЖАҢА ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН!

Құрметті шахматшылар, қымбатты достар!
Жаңа жыл мейрамы қарсаңында әдетте артта қалар жылдың қорытындысын шығарып, келер жылға жоспар құрамыз. 2018 жыл айтулы оқиғаларға толы жыл болды деп есептеймін.
Биылғы жылы біздің алдымызда мол тәжірибе мен кәсіби қасиеттерді талап ететін ауқымды міндеттер тұрды. Біздің команда бұл міндетті шеше алды деп мақтанышпен айта аламын. Біз шахмат ойынын ел ішінде насихаттауда ғана емес, әлемдік аренада отандық шахмат мектебінің беделін үстем еттік.

Оған әрқайсыңыз үлкен үлес қостыңыздар, және бүгін баршаңызға кәсіби жетістеріңіз үшін алғыз айтқым келеді. Біздің спортшыларымыз бен бапкерлерімізге республикалық және халықаралық турнирлерде көптеген жетістікке жетуді тілеймін. Жаңа жылда жеке және кәсіби мақсаттарыңыз орындалсын!

Ізгі ниетпен
Ғалымжан Есенов.