ЖЕДЕЛ ШАХМАТ БОЙЫНША ТУРНИР

2018 жылдың 15-17 желтоқсаны аралығында қыздар арасындағы шахматтан алғашқы Әлем чемпионы Флюра Хасанова мектебінде ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған жедел шахматтан мерекелік турнир өтеді.

Турнирде 50-ден астам халықаралық дәрежедегі атақты гроссмейстерлер, халықаралық шеберлер, ҚР спорт шеберлері, сонымен қатар іріктеу жарыстарынан сүрінбей өткен мықты әуесқой спортшылар қатысады.

Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрады, уақыт бақылауы  15 минут + жүріске 10 секунд, алғашқы жүрістен есептеледі.

Жүлде қоры 1 млн 40 мың теңге.

Турнир кестесі:

15 желтоқсан, 16:00 – қатысшылардың келуі.
15 желтоқсан, 16:30 – ашылу рәсімі, жеребе тарту.
15 желтоқсан,  17:00 – 20:00 – 1-3 турлар
16 желтоқсан,  18:00 – 21:00 – 4-6 турлар,
17 желтоқсан 17:00 – 20:00 – 7-9 турлар,
17 желтоқсан, 20:30 – жабылу рәсімі, марапаттау.