ҚЫЗЫЛОРДАДА ” АРАЛБАЙ МАХАМБЕТОВ МЕМОРИАЛЫ” ӨТЕДІ

2017 жылдың 20-26 мамыр арасында Қызылорда қаласында ” Аралбай Махамбетов Мемориалы ” өтпек. Бұл спорттық іс-шара шахматтан Қазақстан Республикасы балалар Кубогының 1 кезеңі  болып табылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл өткен сайын аталмыш  шахмат жарыстарына  қатысушылардың саны артып келеді, ал бұл жолы еліміздің барлық аймақтарынан  300-ге жуық жас спортшы қатысады деп күтілуде.

” Аралбай Махамбетов Мемориалы ” үш турнирден құралған:

– турнир ” А ” – опен-турнир, ФИДЕ рейтингісінің есебімен (жас ерекшелігіне қарамастан, оған 1-разрядты және одан жоғары ойыншылардың  қатысуға құқығы бар);

– турнир 1 – 14 жасқа дейінгі  Қазақстан Республикасы балалар Кубогының 1 кезеңі  (2003 жылы туған және одан кіші, 3 разрядтан кем емес);

– турнир – 10 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасы балалар Кубогының 1 кезеңі  (2007 жылы туған және одан кіші, кемінде 4 разряд);

А. Махамбетов  мемориалын алғаш рет  2009 жылы Қызылорда қ. шахмат клубы 6 жастан 14 жасқа дейінгі балалар арасында ұйымдастырған болатын. Сол кезден бастап шахмат турнирінің өткізу Махамбетовтар отбасында дәстүрге айналған.

— Біздің негізгі мақсатымыз — Қазақстанда және облыста шахматты дамытып салауатты өмір салтын насихаттау, және, әрине, Қазақстан Кубогының финалына қатысушы үміткерлерді анықтау. Сонымен қатар, жарыс  бағдарламасына open-турнир және ФИДЕ рейтингісінің есебімен  блиц-турнир қостық, — деді ұйымдастырушылар.

Спорттық іс-шара  “Нұрсәт” (ул. Ш. Есенова 2 “Б”) теннис орталығының ғимаратында өтеді. Шахматтан Қазақстан Республикасы балалар Кубогының 1 кезеңін  бас төрешісі Ержан Шакенов бастаған төрешілер бригадасын атқарады.  Бір жылда 6 кезеңнен тұратын балалар Кубогы өткізіліп, нәтижелері бойынша ел Кубогынвң финалына қатысушылар іріктелді. Финал  желтоқсанда Астанада өтеді.

Аралбай Махамбетов —қоғам қайраткері, Қызылорданың әуесқой шахматшысы және шахматты насихаттаушы, Михаил Ботвинник, Борис Спасский, Тиграна Петросян және басқа да атақты КСРО гроссмейстерлері қатысқан  ойындарға барған.  Шахмат ойнына деген махаббатын осы ежелгі ойынды ойнауды үйрету арқылы төрт баласына  беруге тырысты .

 

З

аявка