«МЕКТЕПТЕГІ ШАХМАТ»: АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАР

dsc_6663

Биылғы жылы Қазақстанда «Мектептегі шахмат» бағдарламасын іске асыру басталады. Оған Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және Қазақстан шахмат федерациясы бастамашылық жасады. Бағдарламаны апробациялау 2020 жылға дейінгі кезеңге жоспарланған. Жобаға еліміздің 3 облысы: Алматы, Қызылорда және Павлодар облыстары қатысады.

 «Мектептегі шахмат» бағдарламасына Павлодар облысының 200 мектебінде шахмат үйірмелерінің ашылуы зор демеу болды. Бұл облыс әкімінің бастамасы бойынша орын алды. Осыдан бұрын Ш. Есенов атындағы қор және ҚШФ әкімдікке «Мектептегі шахмат» пәнін енгізу идеясымен мемлекеттік органға жүгінді. Қызметтестік нәтижесінде 2017-ші жылғы қыркүйектен бастап Павлодар облысының 10 мектебінде «Шахмат» пәні енгізілетін болады.

 Осы оқиғаға өзіндік дайындық ретінде мектептегі шахмат үйірмелері ашылған болатын. Павлодар облысы әкімдігінің айтуы бойынша, 200 мектептен 110-і ауылдық мектеп болып табылады. Үйірмелерді ашуға әйгілі шахматшылар, спорт ардагерлері қатысты. Мысалы, Павлодардың № 25 орта мектебіндегі үйірмені халықаралық гроссмейстер, 2013 жылғы сеньориталары арасындағы чемпион Елена Анкудинова ашты. Ол мектеп оқушыларымен бір мезеттегі ойын сеансын өткізді. Жаңа оқу жылының басынан – осы жылдың қыркүйек айында – Павлодар қаласының сегіз жалпы білім беру мектебінің және Павлодар ауданының екі мектебінің 2-сынып оқушылары үшін «Оқушыларды шахматқа үйрету» курсы енгізіледі.

 – Осы жобаға қатысу үшін Павлодар облысы кездейсоқ таңдалған жоқ – мұнда тұрып жатқан үш мыңнан астам бала шахмат ойынымен шұғылданады. Облыста жылсайын мектеп спартакиадалары шеңберінде көптеген шахмат турнирлері өткізілді, және де әр кезде оларға қатысатын жас шахматшылардың саны артуда. Биылғы жылы біз алғашқы рет оқушылар арасында турнир өткіздік, жарыс өте қызықты болып өтті, – деп ҚШФ жауапты хатшысы және Павлодар облысының шахматтар бойынша бас бапкері Евгений Егоров түсіндірді.

Осы жылдан бастап балалар арасында жарыстарды өткізуге жүйелі түрде кірісетін болдық: бастапқыда олар елді мекендер деңгейінде өтетін болады, содан кейін олардың жеңімпаздары аудандық деңгейдегі жарыстарға қатысады, ал ең үздік спортшылар осы турнирлердің қорытындылары бойынша облыстық жарыстарға қатысады.