БАЛАЛАР КУБОГЫНЫҢ I КЕЗЕҢІ – КІМ ЖЕҢЕДІ?

Қызылордада шахмат бойынша «Аралбай Махамбетов Мемориалы – 2018» Қазақстан балалар кубогының 1-ші кезеңі өтүде. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 320 спортшы және көрші Қырғызыстаннан келген спортшылар қатысуда.

Мемориал аясында 5 жарыс өтүде:

  1. ФИДЕ рейтингісі бар – Блиц-жарыс (жас шектеуі жоқ, 2-ші дәрежеден төмен емес);
  2. А-жарыс: ФИДЕ рейтингісімен опен жарыс (жас шектеуі жоқ, 1-ші дәрежеден төмен емес);
  3. В-жарыс: 14 жасқа дейін шахмат бойынша Қазақстан Республикасы балалар Кубогының I кезеңі (3-ші дәрежеден төмен емес);
  4. С-жарыс: 10 жасқа дейін шахмат бойынша Қазақстан Республикасы балалар Кубогының I кезеңі (4-ші дәрежеден төмен емес);
  5. D-жарыс: командалық жарыс.

Жарыстың салтанатты ашылуында облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов, ҚР шахмат федерациясының вице-президенті Исраилов Еркін, облыстық шахмат федерациясының президенті Марат Есенов және  А.Махамбетов отбасы атынан інісі Сұлтанбек Махамбетов құттықтау сөзін сөйледі.

Жарыс 9 бөлімнен тұратын швейцария жүйесі бойынша өтүде.
14 жасқа дейінгі балалар Кубогының I кезеңі 3 бөлімінің аяқталуында мүмкін болған үш ұпайдың 3-ін бірден жеті ойыншы жеңіп алды, үздік үштікте: спорт шеберіне кандидат Алдияр Ансат (Астана), шеберлікке әйелдер арасында кандидат Амина Каирбекова (Астана) және Мухтар Айнакул (ОҚО).

10 жасқа дейінгі балалар Кубогының I кезеңі де әсерлі өтүде. Мұнда мүмкін болған үш ұпайдың 3-ін 14 ойыншы жинап алды. Тізімнің бірінші орнын Мирас Асылов (Алматы), екіншісін – Султанбейбарыс Думанулы (ШҚО) және үшіншісін – Алар Жумагали (Қостанай облысы) иеленген.
Опен жарыста ең үздіктері болып Станислав Зыбин (Алматы), Руслан Сездбеков (Қырғызстан), Бахтияр Нугуманов (Астана) келүде.

Блиц-жарысының жеңімпаздары анықталды. Алтын медальды Атыраудан халықаралық шебер Жанибек Аманов жеңді, күміс медаль ФИДЕ шебері Бахтияр Нугумановқа бұйырды, ал қола – озінің жетістікті ойын көрсеткені арқасында рейтингіне 47 ұпай қосқан, Қызылордадан ФИДЕ әйелдер шебері Серикбай Асельге бұйырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ АҚПАРАТ

Мемориал 2019 жылдан бері аймақтық деңгейде өткізілген, ал 2012 жылдан бері Республикалық деңгейге дейін көтерілді. Биылғы жарыстың нәтижелері 26 мамыр күні белгіленеді.
Аралбай Махамбетов мемлекет қайраткері, Сыр өңірінің әлеуметтік әлеуетін нығайтуға өзіндік үлесін қосқан. Ол шахматтың әуесқойы және насихаттаушысы. Төрт баласына өзінің шахматқа деген сүйіспеншілігін беріп, оларды осы көне ойынға үйреткен.

Фото: Артур Цой