ҚАЗАҚСТАН БЛОГЕРЛЕРІНІҢ 1-ШІ КУБОГЫ

21 сәуір сағат 10:00  Алматыда жылдам шахмат бойынша Қазақстан блогерлерінің 1-ші Кубогы басталады. Жарысқа Facebook және  Instagram ашық парақшаларында ең аз дегенде екеуінен біреуінде саны 1000-нан артық жазылушылары бар блогерлерге қатысуға рұқсат етіледі.

Қатысуға өтінімдер 2018 жылдың 18-ші сәуіріне дейін bloggerschesscup@gmail.com электронды мекенжайына жіберу арқылы қабылданады. Сомен қатар өтінімде өз парақшаларыңызға сілтемені және де бар болса, шахматтық дәрежені көрсету қажет.

Жарыс екі лигада өткізіледі:

  1. 1-ші немесе одан жоғары дәрежеге ие қатысушылар үшін – «Кәсіпқойлар лигасы».
  2. Барлық қалған қатысушылар үшін – «Әуесқойлар лигасы».

Егер, 1-ші немесе одан жоғары дәрежеге ие қатысушы «Әуесқойлар лигасына» тіркелетін болса, мұндай жағдайда ол дисквалификацияланады, ал оның жарыс нәтижелері жойылады.

ЖАРЫС РЕТТЕМЕСI

Жарыс Швейцария жүйесіне сәйкес 9 айналымда өткізілуде. Жарыстыі Швейцария жүйесіне сәйкес  өткізу үшін қатысушылар саны жеткіліксіз болған жағдайда, айналма жүйесі бойынша өткізіледі.

Сыйлықтар. Кәсіби мамандар арасындағы блоггерлер Кубогының жеңімпазы Санкт-Петербургке (Ресей) екі адамға айналмалы билет алады. Әуесқойлар арасындағы жарыстың жеңімпазы – Тбилисиге (Грузия) екі адамға айналмалы билет алады. Кубоктың екі лигадағы күміс жүлдегерлері – 200 долларлық жеңілдіктері бар сертификаттармен марапатталады, ал қола жеңімпаздары – 100 долларлық.

Турнир ұйымдастырушылары – «Эйр Астана» әуекомпаниясы және Қазақстан Шахмат Федерациясы. Турнир «World Class» фитнес-клубында өтеді (Наурызбай батыр көшесі, 89 үй).