ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ 1 КЕЗЕҢІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

«ASTANA OPEN – 2018» халықаралық шахмат фестивалі аясында классика бойынша Қазақстан Кубогының 1 кезеңі аяқталды. Турнирде әлемнің 9 елінен, сонымен қатар  Ресей, Латвия және АҚШ мемлекеттерінен 153 спортшы қатысты.  Олардың арасында 4 халықаралық гройссместерлер (GM), 10 халықаралық шебер (IM), 8 ФИДЕ шебері (FM) болды. Турнирдің жалпы жүлде қоры 4 300 000 теңгені құрады.

Ескертейік, 2016 жылы өткен бірінші Астана Опенде  Қазақстаннан, Ресейден, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Украинадан және Беларусиядан қатысқан 70 спортшы арасынан  Ақтөбелік  IM Кирилл Кудеринов жеңіп шыққан. Үздіктер бестігі құрамына тағыда бір Ақтөбелік, спорт шеберіне кандидат  (КМ)  Арыстанбек Уразаев кірген. Осыған сәйкес, сол Кубок финалында жоғарыда аталған спортшылар алтын және қола медальдарын  жеңген.

Турнир кеңінен жаңғырды және келесі жылы жарысқа 9 елден 170-ке жуық шахматшы қатысты. Моңғолдар, мысырлықтар және бір тәжікістандық қосылды. Соңғы айтылған алтын жеңді. Қазақстандықтарды медальдардан ресейлік және белорус ығыстырды. Бірақ мықты гроссмейстірлер бестігіне ЭЛО рейтингі 2600 асатын, астаналық Ануар Исмагамбетов (GM) жарып кірді. Шахматшы әйелдер арасында үздігі болып біздің құрамамыздың мүшесі, Монғолиядан болған,  Гулисхан Нахбаева болып табылды. Оны жеңімпаздан жарты ұпайға ғана ажратып тұрды.
Биылғы классикалық шахмат бойынша Кубокқа еліміздің жасөспірімдер құрамасының бас жаттықтырушысы болып табылатын Ануар Мухтарович тиянақты дайындалған.  9 партияда ол бір рет ғана жеңісті Латвиядан келген гроссмейстрге берді және екі рет тең ойнады. Соңында – лайықты күміс медалі!
– Еліміздің Астана күні қарсаңында Кубоктың 1 кезеңі мәдени іс-шаралар бағдарламасына тамаша толықтыру болды. Шахмат фестивалінің жалпы ұйымдастырылуының бастамасын жүзеге асырып жатқан Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен атақты шетелдік  шахматшылар қатысуымен керемет турнир өткізілді, – деп мемлекеттік жаттықтырушы Дастан Капаев айтып өтті.
Тағыда бір қазақстандық жеңіспен құантты. Республикамыз әйелдер құрамасының мүшесі және қоса Қазақстан шахмат федерациясы атқарушы директорының орынбасары (ҚШФ)  Алматыдан Гульмира Даулетова (WIM) турнирдің үздік шахматшысы деп танылды! Күмісті астаналық  Амина Кайрбекова (WCM) жеңді, қоланы – Ресейден Альфия Насыбуллина (WFM).

– Бұл Қазақстан аймағындағы ең күшті турнир. Жыл сайын мұнда әйгілі шетелдік гроссмейстірлер жарысады.  «Astana Open» Қазақстан кубогының I кезеңі болып табылады. Келесі екі кезеңдер Алматыда («Almaty Open») және Павлодарда («Pavlodar Open») өткізіледі. ҚШФ өткізетін осындай халықаралық турнирлер арқасында, біздің жас ұрпақтарымызда үлкен ойындық тәжірибе алуға және халықаралық дәрежелерді орындауға мүмкіндігі бар, – деп Гульмира Бекзатовна хабарлады.

Алтын медальді латыш гроссмейстер Игорь Коваленко жеңді, қола медаль өзбек гроссмейстері Джохангир Вохидовқа бұйырды. Турнирдің мықты шахматшылар ондығына Қостанайдан GM Петр Костенко кірді.

ТОЛЫҚ АҚПАРАТ

– Жылдан жылға турнир көбірек қонақтарды жинауда. Жас шахматшылар еліміз сыртына шықпай ақ шетелдік шахматшылармен жарысып баға жетпес тәжірибе алу мүмкіндігіне ие, – деп Астана қаласы шахмат федерациясының президенті Аблай Тастамбеков айтты.

«Astana Open – 2018» аясында өткен блиц-турнирде жүлделі орындарды ресейліктер алды: алтын – Иван Бочаров (IM), күміс – Дмитрий Бочаров (GM), қола – Семен Ханин (IM). Үздіктер бестігінде Павлодар облысынан Денис Махнев (IM) табылды.
Фестиваль ұйымдастырудың жалпы басшылығын Қазақстан шахмат федерациясы, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министірлігі және  «ASTANA» Орталық шахмат Клубы жүзеге асыруда.