ҚАЗАҚСТАН БАҚ-НЫҢ 1-ШІ КУБОГЫ

Қазақстан шахмат федерациясы баспасөз қызметкерлері үшін Орталық Азияда алғашқы турнир Қазақстан БАҚ-ның 1-ші Кубогын (digital) өткізуде. Жарыс 28 маусым күні Дүниежүзілік шахмат күніне және Журналистика күніне орай өтеді. Кубок Астана мен Алматыдан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін жинайды. Турнирдің ерекшілігі – жарыс шахматтық интернет-тақташасында өтеді.

https://youtu.be/ElIY9f63IuE

– Журналистер арасында бұл ежелгі ойынды қадірлейтін ғана емес, шахмат ойнайтын жанкүйерлер де бар екенін білеміз. Шахматтың біріктіретін қасиеті белгілі және ФИДЕ ұранында осы жайлы «Біз бір отбасымыз!» деп айтылған. Сондықтан, біз Дүниежүзілік шахмат күні қарсаңында екі ірі мегаполистерде баспасөз қызметкерлері арасында дәл Қазақстандағы Журналистика күніне турнир өткізу туралы шешім қабылдадық, – деп ҚШФ атқарушы директоры Ирина Грищенко, брифинг кезінде хабарлады.

Турнирдің қатысушысы болу үшін сіз жарыстың Ережесінде белгіленген талаптарға жауап беруіңіз керек. Тіркелу екі кезеңде өтеді: 1-де кандидат өзінің журналистикаға қатысы бар екенін куәландыратын дәлелдер – жұмыс орнынан анықтама, кіші өтінімді толтыру керек және жеке куәлік көшірмесін  presschesskz@gmail.com электронды поштасына жіберуі керек. Өтінімдер 2018 жыл маусымның 27 сағат 18:00 дейін presschesskz@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады.

Екінші кезеңде – турнир өткізілер бір сағат алдын қатысушылар өз парақшаларын Қазақстан БАҚ Кубогы өтетін  www.chess.com веб-ресурсында тіркейді.

Турнир барысында тіркелу және ойын ережелері туралы ескертпе (жүктеу).

Жанкүйерлер үшін ескертпе (жүктеу)

https://youtu.be/XjL_aXin1Sg

Турнир партиялар арасында болатын үзіліссіз, 7 бөлімде өтеді. Уақыт бақылау: 10+2 (бір жүріске 2 секунд қосумен он минут) партия соңына дейін әр бір ойыншыға.

Турнир тікелей желіде өтуіне байланысты, өздеріңізбен Google Chrome веб шолғышы орнатылған ноутбук болуы қажет!

Кубок қатысушыларының назарына! Турнир қарсаңында www.chess.com сайтында тіркеліңіз және де Турнирлер бөлімінде кез-келген турнирлерге қатысыңыз (сайтты өзіңіз үшін сынап көріңіз). Бұл Қазақстанның 1-ші БАҚ кубогы кезінде әріптестеріңізбен бәсекелестікке толық дайын болуға мүмкіндік береді.

Енді ең қызықтысы. Турнирдің жеңімпазы Кубокпен марапатталды. Дипломдар конкурстың үш жеңімпазына және жеке «Үздік шахматшы әйел» номинациясында беріледі. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталады.

Турнирдің демеушілері бағалы сыйлықтар дайындады.

Осылайша, «Эйр Астана» әуекомпаниясы жеңімпаздарға екі адамға аталған үш билетті береді: бірінші орынға – Анталияға (Түркия), екінші орынға – Санкт-Петербургке (Ресей), үшінші орынға – Тбилисиге (Грузия).

«Royal Med» сұлулық академиясы (пластикалық хирургия, косметология және SPA клиникасы) турнирдің үш үздік шахматшыларына 20 000 теңге сомасына үш сертификат береді.

«Lemonadoff» компаниясы турнир қатысушыларын жаңа дәмді сусындармен қонақ етеді.

Турнир 2018 жылдың 28 маусымында Астана уақытымен сағат 10:00-де басталады. Қазақстанның астанасында жарыс Динара Сәдуақасова шахмат Академиясында (9, Сауран көшесі), оңтүстік астанамыздаЖансая Әбдімәлік шахмат Академиясында (Назарбаева даңғылы, 77 Гоголь көшесі) өтеді.

Астанадағы турнир төрешісі – Айнур Утешева,
Алматыдағы турнир төрешісі – Жупархан Досболат

Қазақстанның бірінші медиа-кубогы Team Kazakhstan chess.com техникалық қолдауымен өтеді.

Қатысу туралы өтінімдер 2018 жыл 27 маусым сағат 18:00-ге дейін presschesskz@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады. Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс нөмірлеріне хабарласыңыз: 8 778 884 4876 (Сиа Ан), 8 771 781 71 79 (Камиля Абдрахманова).