МОНҒОЛИЯДА 2 ТУРНИР

Монғол шахмат федерациясы ойыншыларды Шығыс Азияның жастары арасында шахмат турнирінің ( Eastern Asian Youth Chess Championship – EAYCC) аясында өтетін Mongolian Senior International 50+, 65+ және  2nd Mongolian Open турнирлеріне қатысуға шақырады.

Сайыстар мемлекет астанасы Ұлан-Батор қаласында 2017 жылдың 17 мен 26 маусым аралығында ұйымдастырылады. Турнирге қатысу өтінімдері мамырдың 25-не дейін қабылданады.