ҚАЗАҚСТАН – УКРАИНА

Екі елдің әйелдер құрамаларының достастық ойыны Алматыда тамыз айының 23-і мен 28-і аралығында қаланың бетке ұстар Almaty Chess Hall залында өтпек. 

— Киев қаласынан келетін әйел спортшылар – ФИДЕ-нің әлімдік рейтингісінің жоғарғы қатарларындағы ойыншылар. Атап айтқанда, Наталья Жукова (№38), Инна Гапоненко (№39), сонымен қатар Юлия Осмак, Ольга Бабий және Евгения Долуханова. Осындай деңгейдегі кездесуді біз алғаш рет ұймдастырып жатырмыз, – деп Қазақстан шахмат федерациясының (ҚФШ) атқарушы директоры Ирина Грищенко бөлісті.

ҚФШ мен Ш.Есенов атын. ғылыми білім беру қоры ұйымдастырған ойын схевенингендік жүйемен* 5 турдан өтеді. Матчтың бас төрешісі – ФИДЕ арбитрі Сергей Ким.

Қазақстан құрамасының абыройын қорғайтындар: 20 жасқа дейінгі қыздар арасында әлемнің күміс жүлдегері, Қазақстан жеңімпазы Жансая Абдумалик, әйелдер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері Гүлісхан Нахбаева, Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасының қола жүлдегері Гүлмира Дәулетова, Азия ұлттары Кубогының қола жүлдегері Шолпан Жылқайдарова және 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия жеңімпазы Әсел Серікбай.

Еліміздің әйелдер құрамасының бас бапкері Рустам Хуснутдиновтың айтуынша, «бапкерлік стратегия тұрғысынан әлімнің шын мәніндегі ең мықты шахматшыларымен кездесулер біздің қыздарымызға кәсіби жетілуге, дамып өсулеріне күшті серпін береді, ал ҚФШ рейтингтері бізден әлдеқайда жоғары спортшылармен осындай кездесулерді дәстүрге айналдыруды ойлап отыр».

Украина командасын гроссмейстер, ФИДЕ-нің сеньор (аға) жаттықтырушысы, әйелдер құрамасының бас бапкері Михайло Бродский бастап келді. Оның басшылығымен украиналықтар 2013 жылы әйелдер арасындағы Әлем Чемпионатында жеңімпаз атанған болатын. Қазіргі таңда Украинаның әйелдер құрамасы ФИДЕ елдері арасындағы рейтингте 3-орында тұр, ал біздің отандастар – 21-орында. Украина 550 атақты шахматшыларды баптаса, Қазақстанның 152 шахмат спортшысы бар.

Қазақстандық тарап бүгін келіп түскен украиналық қонақтар үшін мәдени бағдарлама да дайындап қойды. Атап айтқанда, демалыс күні олар үшін Алматының көрікті жерлеріне экскурсия өткізіледі.

________________________________________________________________________________________________
* Шахмат турнирлерін өткізудің схевенингендік жүйесі — бір команданың мүшесі қарсылас команданың әрбір мүшесімен ойнап шығатын жүйе. Жүйе алғаш рет 1923 жылы Нидерланд Корольдігінің Схевенинген қаласында өткен турнирде алғаш қолданылған. Атауы содан.