ИРАНДА ШАХМАТТАН «27TH FAJR CUP» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТЕДІ

2019 жылдың 5-11 ақпаны аралығында Иран астанасында шахматтан «27th Fajr Cup» халықаралық турнирі өтеді.

Оған әлемнің 40 елінен 600-ге жуық шахматшы қатысады деп күтілуде. Фестивальге арнайы мейман ретінде ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович шақырылған.

Алдыңғы сайыста ирандық  гроссмейстер Пархам Магсудлу тоғыз матчта 5,7 ұпай жинап жеңіске жеткен болатын.

2019 жылы турнирге қатысушылар жасы мен ЭЛО рейтингіне сәйкес 3 санатқа жіктеледі:
– «А» санаты – ЭЛО  рейтингі 2000 кем емес шахматшылардың шеберлер турнирі;
– «B» санаты –рейтингі 2000-нан төмен ойыншылар үшін;
– «С» санаты – 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін.

Турнирдің жүлде қоры «А» санаты үшін 11 00 еуро, «В» ж»не «С» санаттары үшін 613 млн иран реалын құрайды.

Әрбір санат үшін партиялар швейцариялық жүйе бойынша шеберлер мен ойыншылар саны 150-ден аспайтын санаттар үшін 9 раундтан тұрады. Өзге санаттар үшін 11 раунд қарастырылған.

Тоғыз турдан өтетін санат үшін турнир кестесі:
04 ақпан, 14:00 – спортшылардың келуі.
05 ақпан, 17:00 – 1 раунд
06 ақпан, 09:30 – 2 раунд
06 ақпан, 17:00 – 3 раунд
07 ақпан, 17:00 – 4 раунд
08 ақпан, 09:30 – 5 раунд
08 ақпан, 17:00 – 6 раунд
09 ақпан, 17:00 – 7 раунд
10 ақпан, 17:00 – 8 раунд
11 ақпан, 09:30 – 9 раунд

11 турдан өтетін санат үшін турнир кестесі:
04 ақпан, 14:00 – спортшылардың келуі.
05 ақпан, 17:00 – 1 раунд
06 ақпан, 09:30 – 2 раунд
06 ақпан, 17:00 – 3 раунд
07 ақпан, 09:30 – 4 раунд
07 ақпан, 17:00 – 5 раунд
08 ақпан, 17:00 – 6 раунд
09 ақпан, 09:30 – 7 раунд
09 ақпан, 17:00 – 8 раунд
10 ақпан, 09:30 – 9 раунд
10 ақпан, 17:00 – 10 раунд
11 ақпан, 09:30 – 11 раунд

Турнирге қатысу үшін

ТУРНИР РЕГЛАМЕНТІН ЖҮКТЕУ