2018 МЕМЛЕКЕТТІК БАЛАЛАР КУБОГЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ

Маусымның 4 мен 12 аралығында Қостанай қаласында «А.Г. Уфимцев Мемориалы» Қазақстан Республикасының балалар Кубогының 2-ші кезеңі  өтеді. Жарыс жас шахматшылар шеберлігін жетілдіруге және еліміздің балалар Кубогының финалына  қатысатын үміткерлерді анықтауға бағытталған.

Жарыс жеке-командалық есепте өткізіледі:

  • А жарыс – 10 жасқа дейінгі балалар арасында;
  • В жарыс – 14 жасқа дейінгі балалар арасында;
  • С жарыс – рейтингілік;
  • D жарыс – командалық.

Жарыстың бас төрешісі – Амангельды Уралбаев.

Жарысқа қатысуға өтінімдер 2018 жыл 31 маусымға дейін p_rusanov@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады.

Жарысқа қатысу үшін жарыс жарнасын төлеу қажет. Толығырақ ақпарат еліміздің балалар Кубогының 2-ші кезеңінің Ережесінде (жүктеу: 1, 2, 3).

Жарыс ұйымдастырушылар – Қазақстан шахмат федерациясы (ҚШФ), Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министірлігі және Қостанай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Ұйымдастырушылар байланыстары:

  • Павел Русанов, Қостанай облысы шахмат федерациясының атқарушы директоры: 87772270991,
  • Евгений Егоров, ҚШФ жауапты хатшысы: 87051122335.

Анатолий Гаврилович Уфимцев – аса көрнекті Қостанай шахматшысы. Шахмат тарихына көпшілік таныған теорияшы ретінде кірген. Соңына келіп «Пирц-Уфимцев қорғануы» атауын алған, әлемдік танымал дебюттік жүйенің авторы. Бұл қорғаныс біздің заманымыздағы барлық ұлы шахматшылардың арсеналында және дебюттік теория бойынша барлық басылымдарда. 2018 жыл мамырдың 11 күні ол 104жасқа толған болар еді.

Фото:  «Литер» газетасы