ЕЛІМІЗ КУБОГЫНЫҢ II КЕЗЕҢІ «ALMATY OPEN – 2018»

Қазанның 16 мен 23 аралығында Алматыда Grand Hotel «Tien-Shan» мейманханасында классика бойынша Қазақстан Кубогының II кезеңі өтеді. Almaty Open аясында ЭЛО рейтингі 2100 төмен болмаған ойыншылар арасында «А» турнирі және рейтингі 2100 жоғары болмаған – «Б» турнирі өткізіледі. Қазақстан шахмат федерациясымен (ҚШФ) ұсынылып жатқан жүлде қоры – 3 000 000 теңгені құрайды.

«А» турнирі ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Кубогына кіреді және оның нәтижелері бойынша сынық ұпайлары есепке алынады

Жарыстар Швейцария жүйесі бойынша 9 турмен өткізіледі. Уақыт бақылауы: бірінші жүрістен бастап әр жүріс үшін 30 секунд қосылуымен партия соңына дейін 90 минут. Жарыстар ФИДЕ ережелері бойынша өткізіледі.
«А» турниріне рейтингі 2100 төмен болмаған, турнир жарнасын төлеген барлық қалаушы шахматшылар қатыстырылады. GM, WGM және дәрежелері бар және рейтингі 2400 және одан жоғары болған спортшылар – жарнасыз қатыстырылады.
Рейтингі 2300-2399 – 7000 теңге, 2200-2299 – 10 000 теңге, 2100-2199 – 15 000 теңге.

«Б» турниріне рейтингі 2100 және одан төмен, турнир жарнасын төлеген барлық қалаушы спортшылар қатыстырылады.
Рейтингі 2000-2100 – 3 000 теңге, одан төмен 2000 – 5 000 теңге, ЭЛО рейтингі бомаған жағдайда – 7 000 теңге. 2001 жылы түған және одан жас болған ұлдар және қыздар үшін, және де 1955 ж. туған немесе одан жастары жоғары болған ардагерлер үшін 50% жеңілдік көзделген.

РЕКВИЗИТТЕР:
«Қазақстан шахмат федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі
БСН 911240001354, Кбе 18
ЖСК KZ06826A1KZTD2022470 в АО «АТФБанк» БСК ALMNKZKA
Мекенжайы: ҚР, Алматы қ., Медеу ауданы, Аль-Фараби даңғылы,  36 үй
Төлемнің мақсаты: «Турнир жарнасы (Турнир атауы және қатысушының аты-жөні көрсетіледі)».

Almaty Open-ге қатысу үшін өтінім жіберу қажет. Өтінім жіберудің екі түрін ұсынамыз:

  1. әдеттегідей office@kazchess.kz электронды поштаға жіберу арқылы (тіркелу формасын жүктеу);
  2. онлайн түрде, сілтеме арқылы өтіп, тіркелу формасын толтыру: https://goo.gl/forms/vHG7NKALsg0kE5zB2.

Қатысуға өтінімдер 2018 жылдың 10 қазанына дейін қабылданады.

Ойыншылар саны 120 адамнан асқан жағдайда ұйымдастырушылар тіркелуді тоқтатуға құқықты.

Толық ақпаратты турнир Регламентінен көруге болады (жүктеу).

Турнир өткізу жауапкершілігі ҚР мәдениет және спорт министірлігіне, ҚШФ және Алматы қаласы спорт және дене шынықтыру басқармасына жүктеледі.

ҚШФ-ның Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Ұйымдастырушылардың байланыс нөмірлері:
Раушан Кулахметова, координатор, өтінімдер қабылдау – 87024694665,
Гульмира Даулетова, турнир директоры – 87778322288.
Турнирдің ресми сайты: www.kazchess.kz