БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЙЛЫ АҚПАРАТ

004

Қазақстан шазмат федерациясы әр жас категориясының чемпиондары Бразилия мен Уругвайда өтетін  2017 жылғы Әлем чемпионатына қатысу құқына ие болады деп хабарлайды.

Жас категориялары бойынша күміс жүлдегерлері Азия чемпионатына қатыса алады. Азия чемпионаты 31 наурыз бен 10 сәуір аралығында Ташкент қаласында өтеді. Негізгі құрамнан бөлек, яғни ҚР күміс жүлдегерлері, Азия чемптонатының   регламентіне сәйкес әр жас категориясына 5  қосымша ойыншы қатыса алады. Азия чемпионатына тек 1-6 орын алған ойыншылар жіберіледі. Қатысушының сайысқа қатысудан бас тартқан жағдайында,  протокол бойынша тізімдегі келесі ойыншы чемпионатқа қатысуға мүмкіндік алады. Қосымша қатысушылар барлық шығындарды өздері көтеретіндігін ескеріңіздер.

Азия чемпионатының тіркелу жарнасы барлық қатысушылар үшін 100 евро, Негізгі құрам үшін ФИДЕ жарнасы 75 евро, Қосымша ойыншылар үшін ФИДЕ жарнасы150  евроны құрайды.  10 – шы ақпанға дейін қонақ үйдің құнының 50%-ын төлеп,  өтінім формасы мен төлем түбіртегін  келесі электронды мекен-жай бойынша жіберулеріңізді сұраймыз: office@kazchess.kz  және kazchessfed@mail.ru

Ұйымдастырушылардың реквизиті:

Аталуы: Uzbekistan Chess Federation
Мекенжайы: 98A Uzbekistan str., Tashkent, Uzbekistan
Долларлық счет: 2021 2840 2001 7827 6007
Евролық счет Acc: 2021 2978 0001 7827 6006
Банк атауы: National Bank of Uzbekistan
Филиал: Tashkent Regional Branch
Банктың Мекенжайы – 29 Shevchenko str., Tashkent
SWIFT CODE: NBFAUZ2X
Өтінімдер 10-ақпанға дейін қабылданады.
Азия чемпионатының Регламентін мына сілтеме бойынша, ал өтінім формасын мына сілтеме бойынша жүктей аласыз.