ЕЛІМІЗ БАЛАЛАР КУБОГЫНЫҢ 4 КЕЗЕҢІ – 2018

Шілденің 05 мен 12 аралығында Ақтау қаласында «Лазарь Елмуханбетовтың Мемориалы» атты шахмат бойынша Қазақстан Республикасы балалар Кубогының 4-ші кезеңі өтеді.

Мемориал негізгі 5 турнирден тұрады:

  1. Блиц-турнир, ФИДЕ рейтингін есептеумен (жас шектеулері жоқ, 2 разрядтан төмен емес).
  2. А турнир – ФИДЕ рейтингін есептеумен опен-турнир (жас шектеулері жоқ, 1 разрядтан төмен емес).
  3. В турнир – 14 жасқа дейінгі шахмат бойынша Қазақстан Республикасы балалар Кубогының 4 кезеңі (2004 ж. туылғандар және одан жас, 3 разрядтан төмен емес).
  4. С турнир – 10 жасқа дейінгі шахмат бойынша Қазақстан Республикасы балалар Кубогының 4 кезеңі (2008 ж. туылғандар және одан жас, 4 разрядтан төмен емес).
  5. D турнир – командалық турнир.

Команда 4 спортшыдан құрылады (3 ұл бала+ 1 қыз) – біреуден келесі жас санаттарында: 2010 ж.т. және одан жас, 2008-2009 ж.т., 2006-2007 ж.т., 2004-2005 ж.т. Турнирде әр бір аймақтан және  республикалық маңызы бар қалалардан бір команда қатысады. Барлық турнирлер ФИДЕ ережелері бойынша 9 бөлімнен туратын швейцар жүйесі бойынша өткізілуде. Мемориал бағдарламасында Қазақстанның жетекші гроссмейстерлер қатысуымен бір мезгілді ойын сеанстары қарастырылған.
«А» турнирінде және блиц-турнирінде 330 000 теңге көлемінде кепілді жүлде қоры дайындалған.

Турнирдің бас төрешісі – ФИДЕ төрешісі Евгений Метелено.

Өтінімдер aktau.chess.school@bk.ru  электронды поштасы арқылы белгілі тәртіп бойынша қабылданады: А қосымшасын (жүктеу) облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мөрімен 25 маусымға дейін.

Толығрақ ақпарат – балалар Кубогы 4-ші кезеңінің Ережесінде (жүктеу).

Байланыс ақпараты:
Шайхымов Анвар Ескендирович,
Турнир директоры – 8 702 598 20 29;
Кулахметова Раушан,
«ҚФШ» РҚБ үйлестірушісі – 8 702 469 46 65

Фото: Задерецкая Наталья