ПАВЛОДАРДАҒЫ “ПРИИРТЫШЬЕ – 2017”

Павлодарда балалар арасындағы Қазақстан кубогының 5 кезеңі басталды. еліміздің 10 өңірінен 200-ден астам спортшыларды жинаған “Прииртышье” деп аталатын дәстүрлі турнир 8 тамызда аяқталады.

Шахмат мерекесі бағдарламасында командалық, рейтингтік және жеке турнирлерден (10 және 14 жасқа дейін) құралған. Сонымен қатар “Ертіс өңірі” аясында блиц бойынша жарыс өтпек.

Турнирдің ашылу салтанатында  Қазақстан шахмат федерациясы Павлодар шахмат клубына  (Құрмет грамотасы), Евгений Егоровқа (“Ардақты қызметкер” қоғамдық марапат белгісі), Елена Анкудиноваға ( “Үлес” қоғамдық медалі) қоғамдық марапаттарды тапсырды.