«АҚБОЗАТ» ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ

18-25 наурыз аралығында Астанада ҚР ББМ ҰҒПО – мен бірлесіп классикалық шахматтан “Ақбозат” ұлттық мектеп лигасының финалдық ойындары өтеді. Бұл жерде алдын ала өткен үш кезеңде үздік нәтиже көрсеткен мықты оқушылар жарыста жеңіске таласады.

“Ақбозат” лигасы аясындағы жарыс 4 кезеңде өтеді:

1 кезең – мектеп ішіндегі сыныптар арасындағы жарыстар (қыркүйек–қараша 2018 ж. );

2 кезең – мектептер арасындағы аудандық жарыстар (қараша – желтоқсан 2018 ж.);

3 кезең – екінші кезеңнің жеңімпаздары арасындағы облыстық жарыстар (қаңтар – ақпан 2019 ж.);

4 кезең-республикалық жарыстар – 3-кезеңнің жеңімпаздары арасындағы ақтық кезең Астана қаласында 18-25 наурыз аралығында 5-8 және 9-11 сыныптар жас санаттары үшін жеке өткізіледі.

Жеңімпаздарды марапаттау

– Төртінші кезеңнің финалдық жарыстарында бірінші үш орын алған командалар ҚР ББМ ҰҒПО тиісті дәрежелері бойынша кубоктармен және дипломдармен марапатталады.

– 2005 ж. т. жоғары жас тобында жеңімпаз Команда Ресей Федерациясындағы “Белая ладья 2019” халықаралық турниріне қатысуға құқылы.

ТУРНИР РЕГЛАМЕНТІН МЫНА ЖЕРДЕН ЖҮКТЕУГЕ БОЛАДЫ