«АҚБОЗАТ» ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ

Астанада 18-25 наурыз аралығында ҚР БҒМ ҰҒПО бірлесе отырып, классикалық шахматтан «Ақбозат» ұлттық мектеп лигасының ақтық ойындары өтеді. Оған алдыңғы үш кезеңде жоғары көрсеткішке ие болған оқушылар қатысып, өзара бақ сынайды.

 «Ақбозат» лигасы аясындағы жарыстар 4 кезеңнен тұрады:
1 кезең – мектеп ішінде сыныптар арасындағы жарыс (2018 ж. қыркүйек-қазан);
2 кезең – мектептер арасындағы аудандық жарыстар (2018 ж. қараша-желтоқсан);
3 кезең – екінші кезең жеңімпаздары арасындағы облыстық жарыстар (2019 ж. қаңтар-ақпан);
4 кезең – республикалық жарыстар – 3 кезең жеңімпаздары арасында ақтық сайыс Астанада жас санаттарына қарай 5-8 және 9-11 сыныптар арасында 18-25 наурыз аралығында өтеді.

Жеңімпаздарды марапаттау 
— Төртінші кезеңнің ақтық жарыстарында жүлделі үш орынға ие болған командалар ҚР БҒМ ҰҒПО тиісті дәрежелер бойынша диплом және кубоктармен марапатталады.
—  2005 ж. жоғарғы топта жеңіске жеткен команда Ресей Федерациясында өтетін «Белая ладья 2019»  халықаралық турниріне қатысуға мүмкіндік алады.

ТУРНИР РЕГЛАМЕНТІН ЖҮКТЕУ

ҚШФ Бас серіктесі  – «Самұрық –Қазына» ӘАҚ» АҚ, әлеуметтік серіктестік  – «Sumruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

 

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ Бас демеушісі–  Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры.