Амина қола әкелді

21 мен 31 тамыз аралығында бразильдік Посус-ди-Калдас қаласында  шахматтан ұлдар мен қыздар арасында әлем Чемпионаты өтті.  Астаналық 11 жасар Амина Қайырбекова 12 жасқа дейінгі қыздар арасында Қола медальді жеңіп алды. 

Жас шахматшы көне ойынмен 6 жасынан бастап айналысады, тіпті қазір інісіне үйретіп жүр. Амина “Астана” Орталық шахмат клубының жаттықтырушылармен тәрбиеленуде . Жеңімпазымызды алда ел чемпионаты және келесі әлем чемпионатына дайындық күтіп тұр. Мамандардың айтуы бойынша келесі жылы кем дегенде биылғы нәтижені қайталауы мүмкін.

 

Шахматтан Қазақстан балалар құрамасының жаттықтырушы Ануар Исмағамбетов өткен әлем чемпионатында алған әсерлерімен бөлісті:

—  Амина, Мерурт Камалиденова және Айша Закирова (8 жасқа дейінгі әлем чемпионы, айтқандай 5 қыркүйек Айша 9 жасқа толады) чемпионатты жақсы бастады. Бірақ Айша бірден ұпайларын жоғалта бастады. “Чемпиондық жүкті” көтеру әркімге де оңай соқпасы анық, сонымен қатар ол 10  жасқа дейінгі санатта ең кішкентайы болды. Айшаға ойындар оңайға соқпады. Ол 6,5 ұпай жинап  17-ші орын алды. Меруерт болса соңғы турда вьетнамдық спортшыдан жеңіліп қалды. Сол кезде-ақ оның медаль ала алмайтындығы анық болды. Турнир бойы көшбасшы топта келе жатып, бірақ медаль ала алмау —өте өкінішті. Меруерт  8 ұпай жинап, 4 орын алды.  Аминаға келер болсақ, ол қайтадан жігерлі мінезін көрсете алды. Жеребемен ғана қиын түсті: партияның негізгі бәсекелестермен ол қара таспен ойнап шықты. Аминаны бұрыннан танимын, өзім оны соңғы 5-6 жыл бойы жаттықтырып келемін. Ол өте жауапты, дербес және жинақы, әрқашан соңына дейін күреседі. Анасы оны солай тәрбиелеген. Әрине, жеңілістерінен кейін ол жылап қалатын, бірақ кейін тез жиналып, әрі қарай ұмтылды. Соңында Амина 8,5 ұпай жинап  3 орынды иеленді. Біздің командамыздың тағы бір мүшесі Елназ Калиахметті атап өткім келеді. Ол Қазақстан чемпионы,  Бразилияда 7 ұпаймен 10 орын алды. Елназ жайдары қыз, ол біздің делегациямыздың  ең жарқын ойыншысы болды, жеңілістен кейін тез жиналып ойынды жалғастырып кететін. Ол небәрі 6 жаста. Елназ халықаралық гроссмейстер Антон Филипповта жаттығады. Ұлдар кішкене нашарлау өнер көрсетті, бірақ оларда бәсекелестік әлдеқайда күшті. Балаларға әлі өте көп жұмыс істеу керек, әсіресе өздерімен. Атап айтқанда дебют дайындаумен. Балаларға гаджеттер мен жалқаулық қатты кедергі болды. Дегенмен Қызылордалық Сұлтан Аманжол (12 жасқа дейін) жеке рейтингін 100-ге жуық пунктке жоғарылатты, ал Ақтөбелік Алан Петухов 7 ұпай жинап, 8 жасқа дейінгі ойыншылар арасында  Топ 15 кірді, бұдан да жоғары орындарды иеленуге мүмкіндіктері бар еді. Турнир қорытындысы бойынша барлығымызға да көп жұмыс істеу керек. Мысалы, мәреге жақындап, медаль алу мүмкіндігі “пайда болғанда” психологиялық көңіл-күйді дайындау. Балаға  сабыр сақтап, медаль жайлы ойламай, өз шахмат күшімен ойынды әрі қарай жалғастыруы үшін психолог мамандарды қосуды жоспарлап отырмыз, — деді А. Исмағамбетов.

Шахматтан жасөспірімдер мен қыздар арасындағы әлем чемпионаты дәстүрлі үш жас ерекшелік категориясы бойынша — 8, 10 және 12 жасқа дейін өткізілген болатын. Қазақстаннан әр жас санаты бойынша ойыншылар ұсынылды. Қазақстандық делегацияның мүшелері мен жеке бапкерлері бұл жарыстың ұйымдастыру деңгейі керемет болмағандығын айтады. Мысалы, ұшып келген соң жас спортшыларға әуежайда басқа командамен  қонақ үйге бірге бару үшін 2 сағат күтуге тура келген болатын, нәтижесінде Бразилияда қыстың соңы болғандықтан балалар тоңып, қонақ үйге тек түнде орналасты. Сонымен қатар, регламент бойынша жарыс ұйымдастырушылары 2 қосарланған тур — 2 күн бойы 2 турдан — өткізді, бұл әрине тіпті ересек спортшылардың шаршауына әкеледі.