ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Азия чемпионаты жайлы толық ақпарат- 2018

Тайландта  шахмат бойынша балалар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстандық спортшылар үйлеріне екі алтын, бір күміс және алты қола медалдарын әкелді.
Чиангмайда өткен континент біріншілігі чемпионатында әлемнің 26 елінен 570 спортшы қатысты. Турнирге Қазақстан еліміздің 2018 жылдағы балалар чемпионатының күміс жүлдегерлерін ұсынды.

14 жасқа дейінгі жастағы қыздар арасында келассика бойынша турнирінде Астаналық  Меруерт Камалиденоваға  тең келетіндер болмады. 9 турда жеңіліске жол бермей, төрт партиясын теңестіріп, шахматшы 7 ұпай жинап, алтын медальді жеңді. Осылайша, Меруерт Азияның екі дүркін чемпионы атанды. Турнирдің нәтижесі бойынша спортшының рейтингі 21,2 орынға көтерілді.
16 жасқа дейінгі қыздар арасында алтын медальға тағы бір қазақстандық – Қызылордан келген Әсел Серікбай жақын болды. Жеңіліссіз партиялар сериясынан кейін, Азияның өткен жылғы абсолютті чемпионы бір рет ғана Sanskriti Goyal  (Үндістан) ұтылды және қосымша көрсеткіштер бойынша үшінші орынды иеленді.
– Алматылық Райан Жумагали (8 жасқа дейінгі қыздар) мен Шымкенттік Абилмансура Абдилхаирдың (16 жасқа дейінгі ұлдар) жақсы көрсеткіштерін атап өткім келеді. Олар чемпионаттың қола медальдерінен бір қадамда болатын, бірақ ақыр аяғында құрмет тұғырынан тысқары қалды. Өте қабілетті жастар, – дейді балалар мен жасөспірімдер шахмат командасының бас жаттықтырушысы Ануар Исмагамбетов.

Рапид бойынша жарыста жас таланттар өзгеше көзге түсті. Назерке Нургали (14 жасқа дейінгі қыздар), барлық 7 турда сенімді ойнап, күміс медальді жеңді! Ақтаулық жас Эдгар Мамедовтың (8 жасқа дейінгі балалар) дебюті тамаша болды: мұндай байыпты турнирде алғаш рет қатысқан «қараңғы ат» үшінші орынды иеленді. Қола медаль тағы да Астаналық Амина Каирбековаға (12 жасқа дейінгі қыздар) берілді.

Блиц турнирінде де қазақстандықтар бірнеше медальдарды жеңіп алды. 8 жасқа дейінгі жас тобында Алматылық Эльназ Калиахмет өзінің қарсыластарынан жоғары келіп, алтын медальді жеңіп алды. Оның жерлесі Райан Жумагали дәл сол жас тобында үшінші орынды иеленді. Азия блиц-чемпионатының қола жүлдегерлері Казыбек Ногербек (14 жасқа дейінгі ұлдар) және Әсел Серікбай (16 жасқа дейінгі қыздар) болды.