АЗИЯ ҰЛТТАРЫ КУБОГЫ – 2018

Шілденің 27-нен тамыздың 4-не дейін Иранның ежелгі қаласы Хамаданда (кейбір деректер бойынша, б.з.д. 3000 жыл бұрын пайда болған) Азия елдері Кубогының командалық турнирі өтеді. Жарыстар классикалық шахмат, рапид және блиц бойынша өтеді.

Кубокта 11 елден ұлттық құрамалар қатысады – Бангладеш, Ауғанстан, Қытай, Үндістан, Қазақстан, Иран, Ирак, Оман, Сирия, Өзбекстан және Вьетнам. Иран турнир иесі құқығымен үш команданы жарысқа шығарды. Монғолиядан да шахматшылар қатысуы күтілуде.

Қазақстандық ерлер шахмат командасы:

  1. GM Ринат Джумабаев, ЭЛО рейтингі 2594
  2. GM Муртас Кажгалее, 2575
  3. IM Денис Махнев, 2437
  4. GM Петр Костенко, 2444
  5. GM Ануар Исмагамбетов, 2529

Қазақстандық әйелдер шахмат командасы:

  1. IM Жансая Абдумалик, 2488
  2. IM Динара Садуакасова, 2489
  3. WIM Гульмира Даулетова, 2287
  4. WGM Гулисхан Нахбаева, 2352
  5. WFM Асель Серикбай, 2179

Әдеттегідей, Қытай және Үндістан шахматшылары ең мықтылары болып есептелуде. Жүлделілер қатарында табылу мүмкіндігі турнир иелерінде, өзбекстандықтарда, вьетнамдықтарда және монғолдарда да бар. Қазақстан құрамасы да мықты құрамамен өнер көрсетуде. Анық айтқанда, ойыншылардың орташа рейтингі бойынша, бастапқы тізімде біздің әйелдер құрамасы екінші орында.

Еске салайық, 2016 жылы классика бойынша континентальдық біріншіліктің қола медалін  қазақстанның шахматшы қыздары жеңген.

Регламенті (жүктеу).