АССАМБЛЕЯНЫҢ БІРІНШІ КУБОГЫ

Бүгін Алматыда алғашқы рет Қазақстан халықтары Ассамблеясының алматыдағы филиалының Кубогы үшін жылдам шахмат турнирі болып өтті. Шахмат тақтасында еліміздің ірі мегаполисінде жұмыс атқаратын этномәдени орталықтардың 14 команда өкілдері кездесті.

– Турнирдің Достар Сарайында өткені, өзгеше болды. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы (ҚХА) біздің көп ұлтты республикамыздың миниатюрасы болып табылады және де шахмат адамдар арасындағы қарым-қатынасты біріктіруге және нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл бастама «Мурас» Қырғыз этномәдени бірлестігіне тиесілі. Ал біз оларды жарыстардың тең ұйымдастырушысы ретінде әрекет ете отырып қолдадық. Бірінші турнирді біз Алматы қаласында өткіздік, алдағы мақсат елімізде тұратын барлық этникалық топтарды тарта отырып республиканың басқа да қаларын қамту,- деп Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры (ҚШФ) Ирина Грищенко айтып өтті.

Турнир ФИДЕ ережелеріне сәйкес швейцариялық жүйе бойынша 7 бөлімде өткізілді. Ең жас қатысушы – «Авиценна» тәжік мәдені орталығынан Пайрав Кодери болды – 6 жаста, ал ең жасы үлкені – алматы корея орталығынан Анатолий Кан болды – 84 жаста.

Турнирде қытайлық (2 команда), дунган, поляк, орыс, қырғыз, корей, тәжік, ұйғыр, түркмен, өзбек, қырым-татар, бурят және белорус қала мәдени орталықтарының командалары қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Алматы филиалының кубогын белорус этномәдени орталығының командасы жеңіп алды. Екінші орынды корей қауымының командасы алды, ал қола медальдарды Қырғызстан орталығының өкілдеріне бұйырды. Турнирдің барлық қатысушылары ынталадыру жүлделері мен сыйлықтарын алды.