ASTANA OPEN 2018 ФЕСТИВАЛІ

Маусымның 17 күні Қазақстанның астанасында «ASTANA OPEN-2018» халықаралық шахмат фестивалі басталады. Зияткерлік мерекенің негізгі қызығы Республика Кубогының ересектар арасындағы 1-кезеңі және балалар арасындағы 3-кезеңі болып табылады. Фестивальдың жалпы жүлде қоры 6 250 000 теңге.

Қазақстан шахмат федерациясы (ҚШФ) барлық қалаушы шахматшыларды халықаралық шахмат фестиваліне қатысуға шақырады. Маусымның 17 мен шілденің 4 аралығында ғаламат спорттық іс-шара аясында келесі жарыстар өтеді:

  1. 17-25 маусым – халықаралық Astana Masters шебері нормасымен жарыс,
  2. 17-25 маусым – Astana Open-B (14 жасқа дейін шахмат бойынша ҚР балалар Кубогы),
  3. 17-25 маусым – Astana Open-B (10 жасқа дейін),
  4. 26 маусым – Astana Open-blitz (блиц-жарыс),
  5. 27 маусым-3 шілде – Astana Open-A (шахмат бойынша Қазақстан Кубогының 1-ші кезеңі).

Қазақстан шахмат төрешілерінің біліктілігін арттыру мақсатында ҚШФ халықаралық төреші Ашот Вардапетянды шақырған, ол шілденің 1 мен 4 күндері ФИДЕ семинарын өткізеді.

Барлық жарыстар ФИДЕ ережелері бойынша өткізіледі. Фестиваль нәтижесі бойынша 2018 жылғы ересектер және балалар Қазақстан Кубогының финалына үміткерлер анықталады.

ҚР ересектер Кубогының бас төрешісі – ФИДЕ төрешісі, Диас Исабаев,

ҚР балалар Кубогының бас төрешісі – халықаралық төреші, Олег Ринас.

Astana Masters және төрешілер үшін семинардан тыс, барлық жарыстарға қатысу үшін astanaopen2018@mail.ru электронды поштаға өтінім жіберуіңіз қажет:

  • ҚР балалар Кубогы – 2018 ж. 7 маусымға дейін;
  • ҚР ересектер Кубогы – 2018 ж. 15 маусымға дейін.

Стандартты қорғау дәрежесімен, читинг-бақылаумен қамтамасыз ету, ФИДЕ Античитерлік талаптарына сәйкес қатал түрде амалға асырылады.

Фестиваль ұйымдастырылуын жалпы басқаруды Қазақстан шахмат федерациясы, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министірлігі және «ASTANA» орталық шахмат Клубы жүзеге асырады.

Ұйымдастырушылар байланыстары:             

  • Азамат Аубакиров, өтінімдер қабылдау: +7 702 888 14 15, astanaopen2018@mail.ru
  • Ержан Шакенов, жарыс директоры: +7 771 111 77 17

Толығырақ ақпарат – халықаралық фестивальдың Ережелерінде (жүктеу).