13-29 ШІЛДЕ. ASTANA OPEN ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАХМАТ ФЕСТИВАЛІ

13-і мен 29 шілде аралығында Астанада халықаралық Astana Open 2017шахмат фестивалі өтеді.

Бүгінгі таңда турнирге қатысу үшін Қазақстан және Ресей, Египет және Болгария, Украина, Моңғолия, Өзбекстан және Иранды  қоса әлемнің 12 елінен 300 жуық шахматшы тіркеліп үлгерді. Тіркелгендердің арасында 26 халықаралық гроссмейстер, 10 — халықаралық шебер бар.

Турнирде Санан Сюгиров және Борис Грачев (екеуі де – Ресей), Владислав Ковалев (Белоруссия), Фаррух Амонатов (Тәжікстан), сондай-ақ шахматтан 2017 жылғы Қазақстан чемпиондары  Ринат Жұмабаев пен  Гүлісхан Нахбаева ойнайды.  Турнирдің рейтинг-фавориті – Александр Рахманов (2676). Ресейлік гроссмейстер ФИДЕ рейтингіне сәйкес әлемнің Топ-100 үздік шахматшылар қатарына кіреді.

Фестиваль Astana Masters турнирімен 13 шілде күні басталады,  сайыста үлкен үміт беретін жас шахматшылар (16 жасқа дейін) халықаралық шебер нормасын орындай алады. Жарыс  М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайы ғимаратында (Ә. Бөкейхан көшесі 1)өтеді. Фестивалдің салтанатты ашылу рәсімі 20 шілде күні сағат 16.30 өтеді. Салтанатты рәсімде  ФИДЕ президенті Кирсан Илюмжинов, Қазақстан шахмат федерациясының президенті (ҚШФ) Ғалымжан Есенов,  Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қатысады  деп күтілуде.

Ресми ашылу рәсімінен кейін бірден блиц-турнир өтеді. Бұдан әрі рейтингтік — А,  сондай-ақ Қазақстан Кубогының 1 кезеңі және балалар Кубогының 4 кезеңі болып табылатын  Б — турнирлері басталады. Соңғы турнир 10  және 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы екі жарыстан тұрады.

Astana Open аясында c 22 мен 25 шілде аралығында ФИДЕ төрешілері үшін семинар өтеді. Қазақстандық төрешілер үшін ҚШФ ұйымдастырады, семинарға шет елден басқа да төрешілер қатысады. Семинарды ФИДЕ ережелері комиссияның төрағасы, ФИДЕ халықаралық лектор Ашот Вардапетян (Армения) өткізеді .

Astana Open  фестиваліне өтінімдерді қабылдау 10 шілде дейін жалғасады, ұйымдастырушылар шахмат жарысының қатысушылар саны 400-500-ге дейін өседі деп күтеді.