ҚАЗАҚСТАНДА ШАХМАТ БОЙЫНША БЛОГЕРЛЕРДІҢ I КУБОГЫ ӨТТІ

21 сәуір, Алматыда, Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдасырған ел тарихында алғашқы рет тез шахмат бойынша Қазақстан блогерлерінің Кубогы болып өтті. Жарыс 30 адамды жинады.
Жарысқа әлеуметтік желілерде үнемі жарияланып отыратын және мыңнан асық жазылушылары бар блогерлер қатысты. Жарысқа 18 әуесқой, 8 бірінші разрядтылар және 1 әйелдер арасында ФИДЕ шебері қатысты. 1-ші және одан жоғары разрадқа ие ойыншылар кәсіпқойлар лигасында ойнады.

Солдан оңға қарай: Дастан Капаев, шахмат бойынша мемлекеттік жаттықтырушы, Белла Тормышева, Эйр Астана əуекомпаниясының вице-президенті. Ирина Грищенко, ҚШФ атқарушы директоры

– Біз блогерлер арасында шахматшылар бар екенін білген едік, бірақ олардың мұншалықты көп болуын күтпедік. Соңына келіп, тіпті жарыстарға арналған залды өзгертуімізге тура келді. Кубок көлемі жағынан тұра келетін  және де ең мықты Almaty Chess Hall шахмат залында өтті, –  деп Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры (ҚШФ) Ирина Грищенко хабарлады.
Біздің компанияда көпшілік шахматпен терең айналысады, ал корпоративтік командамыз үш рет 2014 пен 2016 жылдары аралығында KPMG жарысының чемпиондары болып табылған. Сол себеп, біздің жарысты қолдап және жеңімпаздарға осындай қызықты сыйлықтар ұсынғанымыз таңқаларлық болмады.,- деп «Эйр Астананың» корпоративтік коммуникациялар бойынша вице-президенті Белла Тормышева мәлімдеді.

Интеллектуалды жекпе-жектер Швейцария жүйесіне сай 9 турда өтті. «Жарыс қатысушылары айтарлықтай шыңдап дайындалған, бірінші орынға деген күрес соңғы турға дейін жүрді», – деп ФИДЕ шебері Асылхан Қараев белгілеп өтті.

– Блогерлер арасында шахмат жарысын өткізу идеясы алғаш рет маған үш жыл алдын келген болатын. Бұл идея «ауада ұшып» жүретін, сондықтан мен досым Абдрахимов Тлекпен осындай жарысты ұйымдастыруды талқылай бастадық,- деп блогер Александр Цой айтып берді. – Соңына келіп, біз идеямызды амалға асыруға көмектескен ҚШФ-мен байланысқа шықтық.

Кәсіпқойлар арасындағы жарыста Кубокты және алтын медальді Махатма Ганди атындағы №92 лицейдің шахмат бойынша жаттықтырушысы, 8 жылдан бері шахмат ойнайтын, 52 жастағы Марат Мулькубаев (СШК) жеңіп алды. Жарыс демеушісі және бірлесіп ұйымдастырушысы – «Эйр Астана» әуекомпаниясы жеңімпазға Санкт-Петербургке (Россия) екі әуе билетін сыйлады. Екінші орын иесі әйелдер арасында ФИДЕ шебері, 23 жасар Альфия Насыбуллина (Астана) болып шықты, ал қола 29 жасар Арман Абданбековке (Астана) бұйырды. Олар әуе билеттеріне 200 және 100 долларлық жеңілдігі бар сертификаттарға ие болды.

Әуесқойлар лигасында басты трофей иесі «Сатпаев Университетінің» 4-ші курс студенті, 11 жылдан бері шахмат ойнайтын, 22 жасар  Сержан Кошербай (Алматы) болып шықты. Оған Тбилисиге (Грузия) екі әуе билеті бұйырды. Күміс 22 жасар Данияр Сейсенбаевқа (Талдыкорган) бұйырды, ал құрмет тұғырының үшінші сатысына 35 жасар Бауыржан Булатханов (Алматы) шықты, екеуіне де әуе билеттеріне 200 және 100 долларлық жеңілдігі бар сертификаттар берілді.
Жарыстың үздік шахматшысы болып Сауле Калдыбаева (СШК) табылды.

Жарыс ұйымдастырушылары – Қазақстан шахмат федерациясы және «Эйр Астана» әуекомпаниясы.
Қазақстан шахмат федерациясы елде шахмат спортын дамыту өкілдігіне және Қазақстанды ФИДЕ-да көрсетуге айрықша құқығына ие. Аймақтардағы шахматты танымал ету арқылы ҚШФ  жасөспірімдер, әйелдер мен ерлер құрамаларын құруда. ҚШФ-ның мақсаты – ел мектептерінің міндетті бағдарламасы етіп балалардың зияткерлік, шығармашылық және мәдени даму құралы ретінде шахматты енгізу.
«Эйр Астана» әуекомпаниясы Қазақстандағы азаматтық авиацияның көшбасшысы. Әуекомпания 2002 жылдың 15 мамырында тұрақты рейстерді орындауды бастады және 60-тан астам халықаралық және ішкі рейстерді қамтитын маршруттық желіге ие. Авиакомпанияның әуе флоты Boeing 767-300ER, Boeing 757-200, Airbus A320, оған қоса А320neo, A321neo және Embraer E190 әуе кемелерінен тұрады. «Эйр Астана» 2012 жылы Skytrax агенттіктің 4 жұлдыз беделді халықаралық рейтингімен марапатталған және Орталық Азия мен Индиядағы Үздік әуекомпания атағына ие болған ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында алғашқы халықаралық тасымалдаушы болды. 2013, 2014, 2015, 2016 және 2017 жж.  екі марапатта расталды.