БЕС ЖАСАР АЛМАТЫЛЫҚ ҚЫТАЙДАН ҚОЛА АЛДЫ

Райан Жұмағали Паньцзинде (ҚХР) өткен құрлық біріншілігінде үшінші орынды еншіледі. Райан 7 жасқа дейінгі  жас санаты бойынша өнер көрсетті. Турнирге 22 елден 300-ден аса шахматшылар қатысқан.

Чемпионат қорытындысы бойынша Райан 9 мүмкін ұпайдан 6.5 ұпай жинап, жүлделі 3-орынды иеленді. Алматының екі дүркін чемпионы  Райанға WCM (халықаралық әйелдер спорт шеберлігіне үміткер) атағы берілді. Осылайша шахматшы 5 жас 10 ай кезінде атақ алып қазақстандық рекордты орнатты. Райан International Professional Chess School мектебінде  Шакей Бауыржанда жаттығады. Естеріңізге сала кетейік, бұл жаттықтырушы өткен жылғы 8 жасқа дейінгі әлем чемпионы Закирова Айшаны үйреткен болатын.