Федерация шахматшылары

Ринат Джумабаев

GM, 2621 ФИДЕ профилі  

Туған күні:
23.07.1989 жыл

Тұратын мекенжайы:
Астана қ.

Атағы, ағымдағы рейтингі:
GM, 2621

Атақ беру күні:
2009 жыл

Турнирлік жетістіктері:

Қазақстандық шахматшы, гроссмейстер (2009). Үш шахмат Олимпиаданың қатысушысы (20082012), Азия ойындары (2010) және Азияның командалық біріншілігі (2012). Қазақстан атынан бірнеше мәрте жастар арасында және түрлі  жас санаттарында әлем және Азия чемпионаттарына қатысқан.

2011[1] және 2014 [2] жж. жылы Қазақстанның екі мәрте чемпионы. 2010 жылы Вице-чемпион және 2007 және  2013 жж екі мәртелі қола жүлдегері. 2013 жылдың желтоқсан айында   Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған ” Pavlodar Open 2013″ турнирін жеңді.

Орталық Азияда ең жоғары рейтинг иесі – 2607 ұпай. 2008 жылдан бастап Қазақстанның ұлттық құрама командасының мүшесі. 2015 ж. Орталық Азия IV Кубогының Чемпионы және алтын медаль иесі. 2017 ж. Қазақстан чемпионы.  XIX Open International d’escacas de Sants жеңімпазы (2017)

Муртас Кажгалеев

GM, 2577 ФИДЕ профилі  

Туған күні:
17.11.1973 жыл

Тұратын мекенжайы:
Ташкент қ.

Атағы, ағымдағы рейтингі:
GM, 2621

Атақ беру күні:
1998 жыл

Турнирлік жетістіктері:

17.11. 1973 ж. туды (42 жас), Қазақстандық шахматшы, гроссмейстер. Ұлттық құрама командасының құрамында 6 олимпиаданың қатысушысы. 2006 жылы Дохада жазғы олимпиадалық ойында жылдам шахматтан чемпионы.

Ануар Исмагамбетов

GM, 2547 ФИДЕ профилі  

Туған күні:
21.03.1986 жыл

Тұратын мекенжайы:
Астана қ.

Атағы, ағымдағы рейтингі:
GM, 2547

Атақ беру күні:
2008 ж.

Турнирлік жетістіктері:

Студенттер арасында Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері (Швейцария,2010ж.), Қазақстан Республикасының ерлер арасында көп мәртелі жүлдегері және екі мәртелі Чемпионы (2008,2012жж.), Аймақтық турнир жүлдегері (Өзбекстан, 2007ж), Әлем Кубогың қатысушысы (Ресей, 2007ж.), Павлодар қаласы командасының құрамында қалалар арасында Азия Командалық Чемпионатының жеңімпазы (Иран, 2007), Астана қаласы командасының құрамында қалалар арасында Азия Командалық Чемпионатының Күміс жүлдегері (Индонезия, 2011ж.), “Ташкент Опен” Халықаралық турнирдің қола жүлдегері (Өзбекстан, 2013ж.)

Азамат Утегалиев

2517 ФИДЕ профилі  

Туған күні:
17.05.1991 ж.

Тұратын мекен-жайы:
Орал қ-сы

Атағы, ағымдағы рейтингі:
2517

Турнирлік жетістіктері:

Ересектер арасында шахматтан Қазақстан Чемпионатында дел шахмат және блиц бойынша1 орын (Қарағанды, 2016 ж.). Олимпиада қатысушысы.

Рустам Хуснутдинов

МГ, 2468 ФИДЕ профилі  

Туған күні:
11.07.1987 жыл

Тұратын мекенжайы:
Қарағанды қ.

Атағы, ағымдағы рейтингі:
МГ, 2468
Атақ беру күні:
2009 жыл

Турнирлік жетістіктері:

2008 ж. Челябинск – халықаралық турнир.
2012 ж. Алматы – рапид және блиц I орын.
ҚР жасөспірімдер арасында үш мәртелі чемпионы.

Кирилл Кудеринов

ММ, 2455 ФИДЕ профилі  

Туған күні:
13.06.1987 ж.

Тұратын мекен-жайы:
Ақтөбе қ-сы

Атағы, ағымдағы рейтингі:
ММ, 2455

Турнирлік жетістіктері:

Astana Open 2016 ашық турнирінің жеңімпазы. Шахматтан Қазақстан Кубогының иегері (Астана, 2016 ж). Олимпиада қатысушысы.

ПетрКостенко

МГ, 2435 ФИДЕ профилі  

Туған күні:
16.02.1976 жыл

Тұратын мекенжайы:
Өскемен қ.

Атағы, ағымдағы рейтингі:
МГ, 2435

Атақ беру күні:
2006 жыл

Турнирлік жетістіктері:

20 жасқа дейін Азия Чемпионатында 3 орын (1996), 26 жасқа дейін Әлем Чемпионатының командалық есебінде күміс медалі (1997), ДШО 5 тақтада күміс медаль (1998), Қазақстан Республикасының ерлер арасында үш мәртелі жүлдегері (1998,2000,02), ҚР Чемпионатының күміс (2001, 13, 14) және қола жүлдегері (2003), Орталық Азия IV Кубогының қола жүлдегері 2015 ж.

Денис Махнев

ФИДЕ Шебері (2409) ФИДЕ профилі  

Туған күні:
2000 ж.

Тұрғылықты жері:
Павлодар қаласы

Атағы, ағымдағы рейтингі:
ФИДЕ Шебері (2409)

Атақ берілген күн:
2014 ж.

Турнирлік жетістіктері:

2015 ж. Балалар-жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері

Жанат Сайын

Халықаралық шебер (2377) ФИДЕ профилі  

Туған күні:
1998 ж.

Тұрғылықты жері:
Орал қаласы

Атағы, ағымдағы рейтингі:
Халықаралық шебер (2377)

Атақ берілген күн:
2014 ж.

Турнирлік жетістіктері:

2015ж. Оқушылар арасындағы Әлем чемпионы

Жандос Агманов

FM, 2360 ФИДЕ профилі  

Тұған күні:
25 қаңтар 2000

Мекенжайы:
Астана қ.

Атағы, ағымдағы рейтингі:
FM, 2360

Атақ берілген жыл:
2016

Турнирлік жетістіктері:

2016ж., 16 жасқа дейін юниорлар арасындағы шахмат бойынша Дүиежүзілік Олимпиада жарысында күміс медалі
2017ж., 18 жасқа дейін тез шахмат бойынша Қазақстан Чемпионы
2017ж., Астана қ. қомандасының құрамында тез шахмат бойынша командалық Қазақстан Чемпионатында 1-ші орын
2017ж., ерлер арасында блиц бойынша Қазақстан Чемпионатының күміс жүлдегері

Рамазан Жалмаханов

ФИДЕ Шебері (2271) ФИДЕ профилі  

Туған күні:
2002 ж.

Тұрғылықты жері:
Алматы қаласы

Атағы, ағымдағы рейтингі:
ФИДЕ Шебері (2271)

Турнирлік жетістіктері:

2015 ж. Қазақстан Балалар Кубогының иегері

Шолпан Жылқайдарова

WIM, 2199 ФИДЕ профилі  

Туған күні:
2 қаңтар 1994

Тұрғылықты мекенжайы:
Шымкент қ.

Атағы, ағымдағы рейтингі:
WIM, 2199

Атақ берілу күні:
Наурыз, 2017

Турнирлік жетістіктері:

Қазақстан ұлттық құрамасында 2016, Азербайджан, Баку қ. Азиа Ұлттары Кубогының қола жүлдегері.

12, 14 жасқа дейінгі (2006, 2008) қыздар арасындағы Қазақстан Чемпионатының алтын медаль иесі.

Асель Серікбай

WFM, 2093 ФИДЕ профилі  

Тұған күні:
23 қаңтар 2002

Мекенжайы:
Кызылорда қ.

Атағы, ағымдағы рейтингі:
WFM, 2093

Атақ берілген жыл:
2013

Турнирлік жетістіктері:

2018ж., 16 жасқа дейін Азия Чемпионатының блиц бойынша қола медалі
2017ж., Румыния, Яссы қ., 15 жасқа дейін оқұшылар арасындағы Әлем Чемпионатының алтын медалі
2017ж., Өзбекстан, Ташкент қ., 16 жасқа дейін балалар арасындағы Азия Чемпионатының алтын медалі
2017ж., 16 және 20 жасқа дейін шахмат бойынша Қазақстан Республикасы Чемпионатының чемпионы
2016ж., Монголия, Улан-Батор қ., 14 жасқа дейін шахмат бойынша Азия Чемпионаты блиц жарысының күміс медалі

Елена Анкудинова

WGM, 2090 ФИДЕ профилі  

Туған күні:
14 қараша 1962 жыл

Тұрақты мекенжайы:
Павлодар қ.

Атағы, ағымдағы рейтингі:
WGM, 2090

Атақ берілген күн:
2013 жыл, қараша

Турнирлік жетістіктері:

50+ сеньорлар арасында Әлем Чемпионы (2013), 50+ сеньорлар арасында вице-чемпионы (2014).

«классика» бойынша әйелдер арасында Қазақстан Чемпионаттары:

  • 2000 ж. – 2 орын
  • 2004 ж. – 2 орын
  • 2008 ж. – 3 орын
  • 2015 ж. – 1 орын
  • 2016 ж. – 2 орын
  • 2018 ж. – 3 орын

Нәзерке Нұрғали

Спорт шеберіне үміткер (2050) ФИДЕ профилі  

Туған күні:
2004 ж.

Тұрғылықты жері:
Қызылорда қаласы

Атағы, ағымдағы рейтингі:
Спорт шеберіне үміткер (2050)

Атақ берілген күн:
2014 ж.

Турнирлік жетістіктері:

2015 ж. Оқушылар арасындағы Азия чемпионы. 2015 ж. Жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері. 2015 ж. Оқушылар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Меруерт Камалиденова

WFM, 2003 ФИДЕ профилі  

Тұған күні:
3 тамыз 2005

Тұрақты мекенжайы:
Астана қ.

Атағы, ағымдағы рейтингі:
WFM, 2003

Атақ берілу күні:
2017 ж.

Турнирлік жетістіктері:

Жарыстардағы жетістіктері:

2018, Тайланд, 14 жасқа дейінгі классика бойынша екі дүркі Азия чемпионы

2017, Узбекистан, Ташкент, 12 жасқа дейінгі классика бойынша Азия Чемпионатының алтын медалі
2017, Узбекистан, Ташкент, рапид бойынша Азия Чемпионатының алтын медалі
2017, Узбекистан, Ташкент, блиц бойынша Азия Чемпионатының қола медалі
2017, ерлер арасындағы Астана чемпионатының күміс медалі
2017, 12 жасқа дейін классика бойынша Қазақстан Чемпионаты
2017, 16 жасқа дейін рапид бойынша Қазақстан Чемпионаты
2016, Ресей, Сочи қ., 11 жасқа дейін классика бойынша Әлем Чемпионатының қола медалі
2015, 10 жасқа дейін классика бойынша Қазақстан Чемпионаты
2014, Бразилия, 9 жасқа дейін оқұшылар арасындағы Әлем Чемпионатының қола медалі
2013, Иран, 8 жасқа дейін рапид бойынша Азия Чемпионатының қола медалі
2013, БАӘ, Дубай, 8 жасқа дейінгі Әлем Чемпионатының күміс медалі

Әмина Қайырбекова

Спорт шеберіне үміткер (1811) ФИДЕ профилі  

Туған күні:
2006 ж.

Тұрғылықты жері:
Астана қаласы

Атағы, ағымдағы рейтингі:
Спорт шеберіне Кандидат (1811)

Атақ берілген күн:
2014 ж.

Турнирлік жетістіктері:

2015 ж. Оқушылар арасындағы Әлем және Азия чемпионы