700 ЖУЫҚ ШАХМАТШЫ ЧЕМПИОН АТАҒЫН САРАПҚА САЛАДЫ

2019 жылғы шахмат маусымын 5 қаңтарда Павлодарда басталатын 6-18 жас аралығындағы балалар арасында классикалық, рапид және блицтен Қазақстан Чемпионаты ашады. Жалпы жүлде қоры 3 млн теңгеден асатын жарыста Қазақстанның әр түкпірінен келген 700 жуық шахматшы бақ сынайды.  

Республика Чемпионатында дәстүрлі түрде елімізге белгілі шахматшылары – облыстық іріктеу жарыстарының жеңімпаздары, Әлем, Азия және Қазақстан   Чемпионатының жүлдегерлері сынға түседі. Турнирде өткен жылғы әлемдік жарыстарда үздік нәтиже көрсеткені үшін Чемпионатқа қатысуға ерекше құқығы бар Әсел Серікбай, Қазыбек Нөгербек, Рамазан Жалмаханов өнер көрсетеді.

«Шахмат үзілісті құптамайтын ойын, сондықтан жаңа жылды осындай жарыспен бастауымыз өте жақсы болды деп білемін, – дейді Әсел Серікбай, – қарсыластар қатарының қалың болуы турнирдің қызықты өтетінінің белгісі,  жарыс қандай нәтижемен аяқталса да әрқайсымыз үшін жаңа белес әрі мол тәжірибе жинаймыз».

Чемпионат қыздар мен ұлдар арасында 9 раундтан тұратын реттелетін швейцария жүйесі бойынша өткізіледі. Турнир 16 қаңтарға дейін жалғасады.  Классикалық, рапид және блицтен 6, 8, 10, 12, 14,16 және 18 жас аралығында жеті жас санаты бойынша жеңімпаздар анықталады.

«ҚР Чемпионаты жас шахматшыларымыз үшін мол мүмкіндік, – дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко, –Күміс және алтын жүлде иегерлері 2019 жылғы Әлем және Азия чемпионатына қатысуға жолдама алады. Қолда жүлдеге лайық деп танылған спортшы болса юниорлар арасындағы батыс Азия Чемпионатына қатысуға ерекше құқық беріледі».

Турнир регламентін  жүктеу

Чемпионат туралы толығырақ

ҚШФ Бас серіктесі  – «Самұрық –Қазына» ӘАҚ» АҚ, әлеуметтік серіктестік  – «Sumruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ Бас демеушісі–  Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры.За дополнительной информацией обращайтесь:
Игорь Бушмелев , +7 707 323 55 80,   igor.b@kazchess.kz