ОҚҰШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ – 2018: РАПИД БОЙЫНША НӘТИЖЕЛЕР

Калутара қаласында (Шри-Ланка) 2018 жылғы оқұшылар арасындағы 14-ші Азия чемпионаты өтуде. Турнирде тез шахмат бойынша (рапид бойынша) қазақстандық шахматшылар төрт медаль жеңді – 2 алтын, 2 күміс және 2 қола.

Алтын медальдарды келесілер жеңіп алды: 17 жасқа дейінгі жас категориясында – Қазақстан құрамасының мүшесі, Қызылордалық Асель Серікбай (WFM, ЭЛО рейтингі 2179) және 15 жасқа дейінгі категорияда – Шымкенттік Зейнеп Султанбек (WCM, 1565). Зейнеп – юниорлар арасындағы классика бойынша 2018 Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері.
Күміс медальдарды мектеп оқушылары арасындағы қазіргі әлем чемпионы Алматылық Димаш Тулендинов (7 жасқа дейін,  ЭЛО рейтингі 1421) және Атыраудан Зарина Нурғалиева (9 жасқа дейін, 1900) жеңді.
Ескертіп өтейік, континетальдық біріншілікте әлем чемпионаттарында көрсеткен өнерлерінің ең жоғарғы көрсеткіштері бойынша Қазақстан шахмат федерациясының ресми ойыншылары құрамына кірген, еліміздің 5 аймағынан 12 жас шахматшы қатысуда.

17 жасқа дейінгі категорияда қола медальдарды Семейден Арыстан Исанжулов (FM, 2142) және Қызылордадан Назерке Нурғали (WCM, 2058) жеңіп алды.
Азия чемпионаты аясында 6 жас категориялары арасында жарыстар өтеді – 7,9,11,15 жасқа дейін және оқұшылар арасында. Қыздар арасында да бөлек түрде опен (ашық турнир) өтеді.

Классикалық шахмат бойынша турнир швейцариялық жүйе бойынша 9 бөлімде өтеді.

14 шілде  жарыс жабылатын күні, блиц бойынша чемпионат өтеді.

ТОЛЫҚ АҚПАРАТ