ЮНИОРЛАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ – 2018

Қазанның 19 мен 31 аралығында Халкидики грек қаласында 14,16 және 18 жасқа дейінгі категорияларда шахматшылар арасында Әлем Чемпионаты өтеді. Біздің елімізден жарысқа  қатысатын және Қазақстан шахмат федерациясынан (ҚШФ) артықша мүмкіндіктерге ие болатын құрама мүшелері белгілі болды.

Өздерінің жас категорияларында Қазақстан Республикасының чемпионы атағын алған сегіз спортшы ҚШФ-нан артықша мүмкіндіктерді алды. Федерация олардың юниорлар арасындағы әлем чемпионатына қатысу үшін толық қаржыландыруды амалға асырады.

  1. Михаил Егоров – М14, Павлодар
  2. Назерке Нургали – Д14, Қызылорда
  3. Рамазан Жалмаханов – М16, Алматы
  4. Асель Серикбай – Д16, Қызылорда
  5. Денис Махнев – М18, Павлодар
  6. Салтанат Муратова – Д18, Шымкент
  7. Казыбек Ногербек – М14, Астана
  8. Меруерт Камалиденова – Д14, Астана

Барлық қалаушылар өз есебінен әлем біріншілігіне қатыса алады.

Төлемді өткізу (Ұлттық банктің төлем өткізу күні теңге бағамы бойынша) және қатысуға өтінімді (жүктеу), паспортты, төлемді растайтын құжаттар көшірмесін 2018 жыл тамыздың 10, сағат 17:00 дейін (Астана уақытымен) kamilya.a@kazchess.kz электронды поштасына – office@kazchess.kz поштасын қоса белгілеп, жіберу керек. Бұл күннен соң тіркелу аяқталады.

Қажетті жарналар:

  • Барлық қатысушылар және олармен еріп жүретіндер үшін тіркелу жарнасы 100 евро көлемінде.
  • Жарыс жарнасы – 140 евро.
  • Мейманханада тұру төлемі 50%, қалғаны жетіп келген соң.

Тұру бағасы жарыс Ережесінде көрсетілген (жүктеу).

Қатысушылар мен олармен еріп жүретіндердің тіркелуі төлем толық өткізілген жағдайда ғана жүргізіледі.

Реквизиттер:
«Қазақстан шахмат федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі
BIN 911240001354, KBE 18
Төлем тағайындау коды 119.
Мекен-жайы: ҚР, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 36
Теңгедегі шот (жеке тұлғалардың жарналары үшін).
KZ76826A1KZTD2022471
«АТФБанк» АҚ-да BIC ALMNKZKA