ГУЛІСХАН НАХБАЕВА – ҚАЗАҚСТАННЫҢ 6-ДҮРКІ ЧЕМПИОНЫ

Сәуірдің 26 күні Алматыда әйелдер арасында классикалық шахмат бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Мемлекетіміз біріншілігінің алтын медалін қатарынан 6-шы рет халықаралық әйелдер гроссмейстері – Шымкенттік Гулісхан Нахбаева жеңіп алды.

Жарыс жайлы толық ақпарат

Жарыс 9 бөлімнен тұрып айналмалы жүйеде өтті. Спортшылар бірінші турдан-ақ батыл күйде болатын. Чемпионаттың 7 бөлімі ғана тең ойынмен аяқталды.
– Жарыста шабуыл жасау партияларын жүзеге асыруға мумкін болды. 2-ші бөлімде дебютант қыз Меруерттен ладьясыз жақсы партияны жеңдім. Бірақ 5-ші турда Гульмирамен кездескенде, үлкен басымдылықты пайдалана алмадым, 30 минут қосымша берілген бақылауда жылдамдатып мат қоюға болатын еді, бірақ асығыста өз жүрісімді жіберіп алған соң, ойынды теңдікпен аяқтауға тура келді. Эмоционалдық жағдай нөлге тең болды, бірақ мен өзімді қолға алып, финишке жақындағанда төрт партияны ұтып, алтын медальды жеңіп алдым. Куйеуімнің туған күніне осылайша сыйлық жасадым, – деп Гулісхан Нахбаева айтып берді.

Ойын тәжірибесінің ұзақ уақыт болмағанына қарамастан, халықаралық әйелдер шеберлері Гульмира Даулетова (Алматы) және Шолпан Жылкайдарова (Астана) таңдануға тұрарлық өнер көрсетті. Амина Каирбекова (12 лет) және Меруерт Камалиденова (13 лет) сияқты астаналық жас шахматшылар жарыс танымалдыларын мазасын біраз кетірді. Оған қоса, Меруерт дерлік соңғы бөлімге дейін медаль үшін күресіп, сегізінші бөлімде Асельмен жеңіс позициясында болатын, бірақ бақ оның қарсыласында болды. Жарыста сәтті өнер көрсетуінің арқасында Меруерт өз рейтингін 70 ұпайға көтерді.
Павлодарлық Елена Анкудинова халықаралық әйелдер гроссмейстері және ханшайымдар арасында  (2013) әлем чемпионы, Қазақстан біріншілігінің қола медалін жеңіп алды. Чемпионатта Қызылордалық әйелдер арасында ФИДЕ шебері Әсел Серікбай тамаша дебют көрсетті.  Оның есебінде – Қызылорда облысы үшін алғашқы рет, күміс медалі және халықаралық шебер мен Қазақстан спорт шебері нормалырын орындағаны.
– Чемпионат нәтижелері заңды, кәзіргі уақытта жеңімпаздар ең күштілері. Гулісхан Нахбаеваны құттықтаймын! Өкінішке орай, союз кезіндегі Республикамыз біріншіліктерін айтарлық жақсы білмеймін, ал бірақ Қазақстанның егемендігі кезінде, Гулісхан – еліміз чемпионатарында жеңістер саны бойынша рекордшы, – деп, Қазақстан әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Рустам Хуснутдинов хабарлады. – Жаттықтырушы ретінде чемпионаттың негізгі қорытындысы мен үшін – жақын келешекте құрама команданың негізгі ойыншыларымен бәсекелестікте болатын, жас шахматшылардың табысты өнер көрсетуі.
Жарыс демеушісі – Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры – әйелдер арасындағы ұлттық чемпионатқа 3,2 млн көлемінде жүлде қорын арнады.
Осы жылы Гулісхан Нахбаева Азияның жеке чемпионатында және Орталық Азия кубогында еліміздің намысын қорғайтын болады.