РАПИД ЖӘНЕ БЛИЦ 2018 БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ

2018 жылдың 11 қазанынан 15 қазанына дейін Қарағанды қаласында жылдам шахмат пен блиц бойынша ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.
Жарыстарға қатысуға жылдам шахмат бойынша ҚР командалық чемпионатының қатысушылары (сілтеме) шақырылады. Сондай-ақ халықаралық атақтары бар, ерлер арасында  – 2200 және одан жоғары, әйелдер арасында – 2000 және одан жоғары рейтингілері бар шахматшылар қатыса алады.

Қарағанды облыстық шахмат федерациясы шараны өткізіп отырған ұйым ретінде қосымша бес шахматшы қосуға құқылы.

Жарыстарға қатысуға рұқсат алу үшін жергілікті мемлекеттік спорт органының және тиісті дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің мөрлерімен куәландырылған өтінімнің болуы міндетті болып табылады.

Жарыстардың басталуы:

  • жылдам шахмет бойынша – 12 қазан, сағ.00-де,
  • блиц бойынша – 14 қазан, сағ.00-де.

Жарыстар швейцарлық жүйе бойынша 9 тур бойынша өткізіледі. Рапидтағы уақытты бақылау: әр қатысушыға бүкіл партиясына 15 минут және жүрісіне 10 секунд, бірінші жүрісінен бастап. Блицтағы уақытты бақылау бүкіл партияға 3 минут және жүріске 2 секунд, бірінші жүрістен бастап.

Жарыстардың басты төрешісі – халықаралық арбитр Олег Ринас.

Турнир регламенті: жүктеу.

Жарыстарды өткізу үшін жауапкершілік ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитетке, Қазақстандық шахмат федерациясы, Қарағанды облыстық шахмат федерациясы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитеті бекіткен төрешілер алқасына жүктеледі. Шараны медициналық-санитарлық қамтамасыз ету және қауіпсіздік техникасы үшін жауапкершілік Қарағанды облыстық шахмат федерациясына жүктеледі.

ҚШФ бес серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, әлеуметтік серіктесі – «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Жарысқа қатысуға алдын-ала өтінімдер 2018 жылдың 1 қазанына дейін келесі электрондық мекенжай бойынша қабылданады: oleg.rinas@gmail.com.

Байланыс телефондары:
Ринас Олег Гарриевич – 87011808068
Егоров Евгений Владимирович – 87051122335