МУРТАС КАЖГАЛЕЕВ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ 2018 ЖЫЛ ЧЕМПИОНЫ

Сәуірдің 30 күні Алматыда ерлер арасында классикалық шахмат бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Алтын медалді кәзіргі уақытта Ташкентте туратын, Оралдық халықаралық гроссмейстер Муртас Кажгалеев 2015 жылдан соң екінші рет жеңіп алды. Екінші орынды ФИДЕ шебері Денис Махнев (Павлодар), ал үшінші орынды халықаралық гроссмейстер Пётр Костенко (Костанай) алды.

Жарыс жайлы толық ақпарат

Жарыстар 11 бөлімнен тұрып айналмалы жүйеде өтті. Жарыста төрт халықаралық гроссмейстер, екі халықаралық шеберлер,  ФИДЕ шеберлері және бір спорт шеберіне кандидат қатысты.

Константин Казаков және Алишер Сулейменова

Бірінші бөлім бір ғана нәтижелі партиямен аяқталды – Петр Костенко Павлодарлық Алишер Сулейменов үстінен жеңіске жетті,  қалған ойындар тең көрсеткішпен аяқталды. Ал бірақ, екінші бөлімнен бастап спортшылар жанданып, жарыс ортасына жақындағанда, үш таңдалмалылар белгілі болды – еліміздің 4-дүркі чемпионы Пётр Костенко, классикада,рапидте және блицте 20 жасқа дейін еліміз чемпионы (2018) Денис Махнёв және Қазақстанның үздік шахматшылар тізімінің екінші қатарын иеленген  Муртас Кажгалеев. Қалған шахматшылар олардың арттарынан шағын арақашықтықта жақындай турды.

Ануар Исмагамбетов

Соңғы 11-ші бөлімге дейін үш үздік шахматшылар жеті ұпайдан жинап алды. Жарыстің қорытындысы негізгі партиялармен шешілді – Нурлан Ибраев Дениске қарсы және Муртас Петрге қарсы. Нәтижеде, Нурлан жеңісті Дениске береді, ал Муртас Петрді жеңеді. Соңғы бөлімнің екі жеңімпазы мүмкін болған 11 ұпайдын 8-ін жинайды. Бірақ, қосымша көрсеткіштердегі айырмашылық арқасында Муртас бірінші орынды, Денис – екінші, ал Пётр – үшінші орынды иеленді. Айта кету керек жері, Денистің мемлекет чемпионатының финалында үшінші рет ойнағаны және бұған дейін белгілі нәтижесіз болғаны.

Денис Махнев

– Жалпы барлық спортшылар керемет ойын көрсетті. Денис Махневта құантып өтті.  Егерде ол еліміз біріншілігінде алған күміс медалін шахматтық мансапындағы шыңы деп есептемесе, онда мүмкін, таяу болашақта жақсы шахмат күресшісі бола алады,- деп Қазақстанның бас жаттықтырушысы Павел Коцур хабарлады. – Шын мәнінде барлығынан да жақсы өнер көрсеткен чемпионаттағы керемет жеңісімен Муртас Кажгалеевті және қола медалімен Пётр Костенконы құттықтаймын. Айналмалы жүйе бойынша өткізілетін Қазақстан чемпионаттары, жас шахматшылар гроссмейстерлермен жарысу үшін және ҚР құрама командасына тандау үшін керек.

Солдан оңға қарай: ҚШФ атқарушы директоры Ирина Грищенко, Денис Махнев, Муртас Кажгалеев, Петр Костенко, шахмат бойынша ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Дастан Капаев

Муртас Кажгалеев өзінің Фейсбуктегі парақшасында жарысты жоғарғы деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қазақстан шахмат федерациясына рахметін білдірді. Осы жылы гроссмейстер Азияның жеке чемпионатында және Орталық Азияның Кубогында Қазақстан атынан өнерін көрсететін болады.
– Қазақстанның биылғы біріншілігінің алдыңғы жарыстардан ерекшілігі, өздерінің жас котегорияларында әртүрлі жылдары республикамыз чемпиондары болған жас шахматшылардың санының көптігінде болды. Сол себепті жарыста күрес қызулы болды және көзге түсер аутсайдерлер болмады, – деп Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы дирекоры Ирина Грищенко айтып өтті.