ЖАСӨСПІРІМДЕР (6-18 ЖАС) АРАСЫНДАҒЫ ҚР ЧЕМПИОНАТЫ

2018 жылдың 5 қаңтар күні Алматы қаласында жасөспірімдер арасында классикалық, рапид және блиц шахматтарынан Қазақстан Республикасының  чемпионаты басталады. Аталмыш жарысқа 6 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысады.

ЧЕМПИОНАТТЫҢ ФОТОГАЛЕРЕЯСЫ

Чемпион атағы үшін  еліміздің барлық аймақтарынан 600-ге жуық спортшылар бақталасады. Классикалық шахматтан Қазақстан Чемпионы жасөспірімдер арасындағы 2018 жылғы әлем чемпионатына, ал күміс жүлдегерлер Азия чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

ЧЕМПИОНАТ ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ

– Алғашқы рет қазақстандық жасөспірім ойыншыларының алдыңғы тақталардағы партиялары онлайн режимінде көрсетілетін болады. Сонымен қатар, тәжірибе ретінде, турнирге 6 жасқа дейінгі шахматшылар да қатысады, – деп хабарлады Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко.

Чемпионат аясында 5 мәрте әлем чемпионы Жансая Әбдүмәлікпен бір мезгілді ойын сеансы өтетін болады. Чемпионат Қазақ-Британ техникалық университетінің қабырғасында өтеді (ҚБТУ). Қазақстан біріншілігі 16 қаңтар күні өз мәресіне жетеді.

Турнир ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан шахмат федерациясы және Жансая Әбдүмәлік шахмат Академиясы.