РАПИД БОЙЫНША 2018 ЕЛІМІЗДІҢ КОМАНДАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ

Қазанның 8-нен 12-не дейін Қарағанды қаласында Нуркен Абдиров атындағы спорт сарайында Сәкен Сейфуллин құрметіне бағышталған тез шахмат бойынша (рапид) 2018 жылғы Қазақстан Республикасының  командалық чемпионаты өтеді.

Салтанатты ашылуы – 9 қазан, сағат 15-00.
Жарысқа еліміз облыстарының және Астана, Алматы қалаларының құрама командалары қатыстырылады. Команда құрамында – 3 ер кісі және запастағы ойыншыларсыз 1 әйел кісі болады. Қарағанды облыстық шахмат федерациясы ұйымдастырушы ұйым ретінде, қосымша түрде екінші команда ұсынуға құқықты. Команда жарысқа қатысуға рұқсат алуы үшін  міндетті түрде жергілікті мемлекеттік спорттық органының және тиісті дәрігерлік-дене шынықтыру диспансер мөрімен куәландырылған өтінім болуы керек.

Жарыс айналма жүйе бойынша өткізіледі (10 командаға дейін). Командалар саны 10-нан артық болған жағдайда жарыс 9 турдан тұратын швейцария жүйесі бойынша өткізіледі. Уақыт бақылауы: бүкіл партия үшін 15 минут, әр бір қатысушыға бірінші жүрістен бастап плюс 10 секунд жүріске. Егер, швейцария жүйесі бойынша өтетін жарыста командалар саны тақ болса, командалар санын жұп болуы үшін ұйымдастырушылар қосымша команда шығарады. 1-3 орын алған командалар медальдармен, дипломдармен және ақшалы жүлделермен марапатталады. Қарағанды облысының шахмат федерациясы кепілді жүлде қорын көтеру және де қосымша бұйымды жүлделер қарастыру құқығына ие.
Жарыстың бас төрешісі – халықаралық төреші, Олег Ринас.

Қатысуға алғашқы өтінімдер 2018 жыл қазанның 01-не дейін oleg.rinas@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады.

Байланыс телефондары:
Ринас Олег Гарриевич – 87011808068
Егоров Евгений Владимирович – 87051122335

Жарысты өткізу жауапкершілігі Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министірлігінің Спорт және дене шынықтыру істері бойынша комитетке, Қазақстан шахмат федерациясына, Қарағанды облыстық шахмат федерациясына, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министірлігінің Спорт және дене шынықтыру істері бойынша комитетімен бекітілген төрешілер алқасына жүктеледі. Медициналық-санитариямен  және техника қауыпсіздігімен қамтамасыз ету Қарағанды облыстық шахмат федерациясына жүктеледі.

ҚШФ бес серіктесі — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚәлеуметтік серіктесі – «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры..

Турнир Ережесі: жүктеу.

Сейфоллаұлы Сәкен Сейфуллин 1894 жылы қазанның 15 күні Қарағанды облысының Ортау ауылында туған. Ақын және жазушы, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, мемлекеттік қайраткер. Қазақстан Жазушылар Одағының негізін қалаушы. 1938 жылы 25 сәуірде қайтыс болған.