ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСТАРЫ

Мамырдың 15 мен 19 аралығында Шымкентте шахмат бойынша жаттықтырушы-оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курстары өтеді.  Дәрістер мен семинарлардан тыс, ұйымдастырушылар практикалық сабақтарды да қарастырған. Курс аяқталған соң тыңдаушыларға мемлекеттік үлгідегі сертификаттар беріледі.

«Спорт түрлерінде техникалық және тактикалық дшеберлікті жетілдіру», «Оқұ-жаттығу процесстерін пландастыру» – осы және де басқа тақырыптар курстың кең бағдарламасына кірітілген. Курстың соңында қатысушылар тестілеуден өтуі керек.

Жаттықтырушылар біліктілігін арттыру курстары өтеусіз негізінде өтеді. Іссапарлық шығындары жіберуші ұйымның немесе қатысушының есебінен жүргізіледі.
Курсқа қатысу үшін 2018 жыл 10 марға дейін rumac.kpk@gmail.com немесе zhuban-78@mail.ru электронды мекенжайына өтінім жберу қажет.

Тіркеу 15 мамыр күні сағат 09.00-ден бастап 10.00-ге дейін жүргізіледі. Тіркеу үшін өзімен бірге 2 данадан жасалған білім беру қызметін көрсету бойынша қолдары қойылған және расталған шарты, жеке куәлігі және іссапарлық парағы болуы тиіс.

Қосымша ақпарат келесі телефондар арқылы беріледі:

  • РОӘТО (Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы): 8 (7172) 95-42-02, 8705-582-65-66
  • Бигабылов Жубан Туйзельбаевич: 8 705 884 44 34

Шахмат бойынша жаттықтырушылар біліктілігін арттыру курстары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК және Қазақстан шахмат федерациясымен біргелікте ұйымдастырылған.