ҚАЗАҚСТАННЫҢ 1 БАҚ КУБОГЫ: ТІРКЕЛУГЕ АСЫҒЫҢЫЗДАР

Кележатқан бейсенбі, 28 маусым күні Алматыда және Астанада Қазақстан шахмат федерациясы (ҚШФ) тарихта қалатын – «Қазақстанның 1 БАҚ Кубогы» турнирін өткізеді. Қаламның және микрофонның шеберлері арасындағы жарыс онлайн-шахмат Интернет-сайты www.chess.com негізінде өткізіледі. Кубокты тікелей көру ҚШФ сайтында (www.kazchess.kz) мүмкін болады.

Қазақстандық журналистика күніне осындай сыйлықты Қазақстан шахмат федерациясы дайындады. Тек журналистер үшін ғана емес, турнирге сондай-ақ шығармашылықпен тікелей байланысты сценарийшілер, сценарий жазушылары, фотожурналистер, операторлар, видеоинженерлер, дыбыстық инженерлер және басқалар шақырылады.

Тіркелу үшін қажет: жеке куәлік сканы, жұмыс орнынан анықтама және қатысуға толтырылған өтінім  2018 жыл маусымсның 27 күні сағат 18:00 дейін presschesskz@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады.

Турнир тікелей желіде өтуіне байланысты, қатысушылар өздерімен Google Chrome веб шолғышы орнатылған ноутбук алып келуі қажет! Тез шахмат бойынша жарыс (рапид) 7 бөлімде, арада үзіліссіз өтеді, 10+2 уақыт бақылауымен – партия соңына дейін әр бір ойыншы жүрісіне екі секунд қосумен он минут.

Ұйымдастыру комитеті қатысушылардан өтінеді: Кубок қарсаңында www.chess.com сайтында тіркеліңіз және «Турнирлер» бөлімінде кез-келген жарыстарға қатысыңыз (сайтты өзіңіз үшін тексеріңіз). Бұл өз әріптестерімен бәсекелестікке «Қазақстан медиа-кубогына» дайындықпен қатысуға мүмкіндік береді. Сізге ыңғайлы болу үшін «Қатысушыға» және «Жанкүйерге» арналған ескертулерді пайдаланыңыз.

Енді жүлделер мен сыйлықтар туралы!

«Эйр Астана» әуекомпаниясы жеңімпаздарға екі адамға аталған үш билетті береді: бірінші орынға – Анталияға (Түркия), екінші орынға – Санкт-Петербургке (Ресей), үшінші орынға – Тбилисиге (Грузия).

«Royal Med» сұлулық академиясы (пластикалық хирургия, косметология және SPA клиникасы) турнирдің үш үздік шахматшыларына 20 000 теңге сомасына үш сертификат береді.

«Lemonadoff» компаниясы турнир қатысушыларын жаңа дәмді сусындармен қонақ етеді.

Турнир 2018 жыл 28 маусымда тікелей түрде өтеді, Астана уақытымен сағат 10:00 басталады. Қазақстанның астанасында жарыс Динара Сәдуақасова шахмат Академиясында (9, Сауран көшесі), оңтүстік астанамызда – Жансая Әбдімәлік шахмат Академиясында (Назарбаева даңғылы, 77 Гоголь көшесі) өтеді.

Қазақстанның бірінші медиа-кубогы Team Kazakhstan chess.com техникалық қолдауымен өтеді.

Барлық сұрақтар  бойынша келесі байланыс нөмірлеріне хабарласыңыз: 8 778 884 4876 (Сиа Ан), 8 771 781 71 79 (Камила Абдрахманова), 87010590816 (Асан Куанов).