РЕСПУБЛИКА ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫ

7 (келу күні) мен 14 ақпан аралығында Атырау қаласында ерлер мен әйелдер арасында классикалық шахматтан Қазақстан 2018 чемпионатының жартылай финалы өтеді. Жарыс швейцарлық жүйе бойынша 9 турдан тұрады.

Жарыста өңірлер мен Астана, Алматы қалаларының өткен жылғы жеңімпаздары, 2017 жылғы Қазақстан чемпионаты жартылай финалының чемпиондары, сонымен қатар рейтингі 2200 (ерлер) және 1900 (әйелдер) төмен емес спорт шеберлігіне үміткер шахматшылар қатысады.

Жарысқа қатысушылар тізімі: ерлер мен әйелдер.

Жартылай финалда 1 және 3 орын алған қатысушылар Алматы қаласында 20-30 ақпан аралығында өтетін Қазақстан Республикасының финалына өтеді.

Классикалық шахматтан ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасы 2018 чемпионатының жартылай финалы тәртібі қосымшасын жүктеу.

Жарысқа қатысу өтініші Sabyrbaichess@mail.ru электрондық пошта арқылы 2018 жылдың 1 ақпанына дейін қабылданады.

Жарыс ұйымдастырушылары – ҚР мәдениет және спорт Министрлігі, Қазақстан шахмат федерациясы және Г.А. Айдаралиев атындағы Атырау шахмат федерациясы. Жалпы жүлде қоры – 850 000 тенге.

Жарысты баяндау: www.kazchess.kz и www.atyrauchess-wunderkind.kz

Ұйымдастырушылармен байланыс телефондары:
Капаев Дастан, шахмат бойынша мемлекеттік жаттықтандырушы – 87074977568
Метелено Евгений, бас төреші – 87051031158
Гайсин Сабырбай, бас төрешінің орынбасары – 87013537348