БІЗ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙМЫЗ

Қазақстан шахмат федерациясы (ҚШФ) федерацияның ресми жарыстарын өткізуге байқау жариялайды. Бұл шешімді қыркүйек айында өткен құрылтайда ҚШФ Атқару комитеті құптады.

Атқару комитетінің шешіміне сәйкес әр жылы қыркүйектің 30 күнінен кешіктірмей, келесі жылы өтетін жарыстар күнтізбесінің жобасы көрсетілген кезекті байқау өткізілу жайлы ақпарат ҚШФ ресми сайтында www.kazchess.kz орналастырылады.

– Біз байқау жариялаймыз, бұл байқауға меншік нысанасына қарамастан, заңды тұлғалар қатыса алады. Өтінім формасы қосымшада (жүктеу). Әр бір үміткер 3-ден көп емес жарыстарды өткізуге өтінім тапсыру құқығына ие. Байқауға өтініммен бірге облыс/қала басқармасынан/бөлімінен олардың жарыс өткізуге қызығушылығы бар екендігін растайтын хатты жіберу қажет, – деп, ҚШФ атқарушы директоры Грищенко Ирина хабарлады.

Үміткерлерден өтінім ағымдағы жылдың 30 қазанына дейін Астана уақытымен 18.00 дейін қабылданады. Толығырақ ақпарат ТАҢДАУ БАЙҚАУЫ ЖАЙЛЫ ЕРЕЖЕДЕ.

Еске салайық, 2016 жылы ҚШФ  жалпы ұлттық байқаулар өткізу арқылы ресми шахмат жарыстарын ұйымдастырушыларын анықтаудың жаңа тәртібін жариялаған.

Республикалық және халықаралық чемпионаттарда төрешілер көрсеткен қызметтер ақысын төлеу туралы ереже (жүктеу).