ЕЛІМІЗ БАЛАЛАР КУБОГЫНЫҢ VI КЕЗЕҢІ – 2018

2018 жыл тамыздың 17 мен 25 аралығында Алматы облысы Талғар қаласында Қазақстан Республикасы балалар Кубогының VI кезеңі – 20 жасқа дейінгі  қыздар арасында әлемнің бірінші чемпионы Флюра Хасанованың кубогына «Маралсай» XVIII халықаралық  шахмат турнирі. Жарыстың жалпы жүлде қоры 2 680 000 теңгені құрайды.

Турнир Қазақстанның көркем бұрышында, Іле-Алатау ұлттық қорығының аумағында өтеді («Марал-Сай» демалыс базасы, айтқандай, мұнда тұру – турнирге қатысудың міндетті шарты болып табылады).

«Маралсай» бірнеше жарыстардан тұрады:

А. Рейтингтік турнир

В. Қазақстан Республикасы балалар Кубогының 6-ші кезеңі:

  • 14 жасқа дейін Өздік турнир (2004 ж.т. және одан жас)
  • 10 жасқа дейін Өздік турнир (2008 ж.т. және одан жас)
  • 6 жасқа дейін бейресми Өздік турнир (2012 ж.т. және одан жас)

С. Командалық есепте (команда құрамы 5 адамнан аспайды).

«В» турнирі ҚР жасөспірімдер Кубогына кіреді және де оның нәтижелері бойынша сынақты ұпайлар есептеледі.

Турнир 9 турдан тұратын швейцария жүйесі бойынша өткізіледі.

«А» турниріне қатысуға барлық қалаушыларға рұқсат етіледі. Жарнасыз қатысуға ММ және МГ дәрежесі бар, ФИДЕ рейтингі 2300-ден төмен болмаған, 60 жастан асқан ардагерлер және 2018 жыл юниорлар арасындағы чемпиондар мүмкіндігіне ие.

Республикамыз балалар Кубогының VI  кезеңінің жалпы басқаруды және өткізуді Қазақстан шахмат федерациясы «Мусина Г.С.» ЖК-мен біргелікте амалға асыруда.

Жарысты өткізу тікелей судьялар алқасына жүктеледі.

Барлық есептеулер «Мусина Г.С.» ЖК мекенжайына келу кезінде толығымен жасалады. Жарыстарға қатысу өтінімдері 2018 жылдың 1-ші тамызына дейін қабылданады. Алдын ала өтінімсіз келген жағдайда, қатысушылардың қабылдануына кепілдік берілмейді.

Қатысу шарттары, марапаттар, трансфер, тұру және тағыда сол сияқты егжей-тегжейлі ақпараттар – Қазақстан Республикасы балалар Кубогы VI кезеңінің Ережесінде (жүктеу).

Байланыс телефондары:

  • 8 777 523 23 64 – Хасанова Флюра Сиреньевна
  • 8 707 677 20 10 – Григорьев Альберт Владимирович
  • 8 707 272 72 42 – М аксимова Виктория Владимировна

Email: maralsay@bk.ru