ДЕНИС МАХНЕВ ГРОССМЕЙСТЕР АТАНДЫ

Павлодар қаласы әкімінің Кубогында Денис ерлер арасындағы гроссмейстер нормасын орындады. Атақты шеберлермен өткен кездесуінде 9 партияда жеңіп шығып, 6,5 ұпай жинаған. Бұл өз кезегінде Дениске GM титулына қол жеткізуге мүмкіндік берді. Сөйтіп,  Қазақстанның ерлер арасындағы гроссмейстерлері тізімі соңғы 9 жылдан бері тұңғыш рет жаңартылды. Бұған дейін  Grand Master нормасын 2009 жылы Ринат Жұмабаев орындай алған болатын.

«Павлодар қаласы әкімінің кубогындағы қарсыластарым АҚШ, Ресей, Тәжікстан және Қазақстанның танымал ойыншылары болды, – дейді Денис, – Оппоненттерімнің жастары үлкен әрі тәжірибесі мол. Сол үшін маған барынша мұқият болу керек болды. Төртеуін айқын басымдықпен жеңіп, бес ойында тең түсу әрине тамаша көрсеткіш емес, бірақ мен ризамын».

Гроссмейстер нормасын орындау үшін Махневке ағымдағы жылдың қыркүйегі мен қазан айы аралығында Батумиде өткен  Олимпиада ойындарында жақсы ойын үлгісін көрсетуі тиіс болды. Жас шамасына қарамастан шахматшы 11 партияда 4 рет басым түсті, тек Англия құрамасының шахматшысына есе жіберіп алған.

«Батуми Олимпиадасы айтарлықтай сын болғаны анық, – деп түсіндірді ерлер командасының бас бапкері Павел Коцур, –  Ол кезде Денис ерлер құрамасында бірінші рет өнер көрсеткенімен тоғыз елдің өкілдерімен кездескен ойында өзінің біліктілігін дәлелдеп, халықаралық гроссмейстердің бірінші нормасын орындап шықты».

ҚШФ Бас серіктесі  – «Самұрық –Қазына» ӘАҚ» АҚ, әлеуметтік серіктестік  – «Sumruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ Бас демеушісі–  Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры.