ДИНАРА СӘДУАҚАСОВА ҒАЛАМШАРДАҒЫ ЕҢ БЕДЕЛДІ ТУРНИРГЕ ҚАТЫСАДЫ

Бүгін Голландияның ВейканЗее қаласында әлемдегі ең беделді шахмат турнирлерінің бірі — Tata Steel chess tournament 2019 басталады. Айтулы додаға алғаш рет Қазақстанның өкілі қатысуда. Еліміздің ең атақты шахматшысы, халықаралық  гроссмейстер Динара Сәдуақасова 1937 жылдан бері дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келе жатқан турнирге шақырту алған тұңғыш қазақстандық спортшы болып отыр.

«Мен үшін мұндай элиталық турнирге, былайша айтқанда шахматтан «Уимблдонға» шақырту алу және әлемнің аса мықты  гроссмейстерлерімен ала тақтада кездесу үлкен мәртебе, – дейді Динара, – Өз мүмкіндігімді мейілінше көрсетемін және жоғарғы нәтижеге жетемін деген үмітім бар».

Халықаралық турнир қаңтардың 11-27 аралығында өтеді және екеуі айналма жүйемен, ал үшіншісі жалпы турнир. Айналма жүйемен өтетін турнирге шахматшылар тек қана шақыртумен қатыса алады. А турниріне қатысушылар арасында қазіргі таңдағы Әлем Чемпионы Магнс Карлсен бастаған ерлер арасындағы элиталық шахматшылар, ал Б турниріне рейтингі 2500-ден жоғары танымал және болашағы зор шахматшылар қатысады.

«Tata Steel турниріне қатысудың өзі үлкен дәреже, өйткені оған әлемнің ең үздік гроссмейстерлері мен болашағынан үміт күттіретін жас ойыншылар ғана қатыса алады, – деп атап көрсетті Қазақстан Шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко, – Турнирдің орташа рейтингі 2582 құрайды, бұл оның дәрежесінің жоғары екендігінің дәлелі. Біз Динараның күшіне кәміл сенеміз».

Қазақстандық спортшы қатысатын Tata Steel Challengers құрамы айтулы ойыншылардан тұрады. 14 ойыншының қатарында Антон Коробов, Владислав Ковалев, Эрвин Л’Ами, Пархам Магсудлу сияқты гроссмейстерлер мен Рамешбабу Праггнанандха, Винсент Каймер және басқа да жас шахмат вундеркиндтері бар.

ҚШФ Бас серіктесі  – «Самұрық –Қазына» ӘАҚ» АҚ, әлеуметтік серіктестік  – «Sumruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

«Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ Бас демеушісі–  Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры.