ЕЛІМІЗДІҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖББ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ БІЛІМ АЛҒЫҢЫЗ КЕЛЕМЕ?

Қазақстан шахмат федерациясы дене шынықтыру бойынша еліміздің жоғарғы білім-беру мекемелерінде, сонымен қатар сыртай бөлімінде білім алғысы келетін еліміз азаматтары  арасында байқау жариялайды. Мұғалімдік білім және жұмыс тәжірибесінің бар болуы үстемділік  болады.

Байқауда шахмат спортында дәрежесі және жетістіктері бар спортшылар қатысады,  растайтын құжаттары бар болған жағдайда.

Қазақстан шахмат федерациясы (ҚШФ) байқау жеңімпаздарының білім алу шығындарын толық қаржыландыратын болады. Жоба елімізде шахматтың дамуы, жетекші жаттықтырушы лауазымына үміткерлер арасында бәсекелестік ортаны қалыптастыру және өңірлердегі кадрлық резервтің дамуы мақсатында амалға асырылуда.

Байқау 2 кезеңде өтеді: 1-ші кезеңде өтінімдер қарастырылады, 2-ші кезеңде Skype арқылы сұхбаттасу өтеді. Байқау нәтижелері бойынша еліміздің екі азаматына 2018 жылы дене шынықтыру мамандығы бойынша білім алу үшін демеушілік көмек көрсетілетін болады.

Жоба Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми білім беру қоры бастамасымен амалға асырылуда және қаржыландырылуда.

Байқауға қатысу үшін байқау ережесімен танысу (жүктеу) және kamilya.a@kazchess.kz, office@kazchess.kz  поштасына келесі құжаттарды жіберу қажет:

  1. Жеке куәлік көшірмесін.
  2. Шахмат спортында дәрежені және жетістіктерді дәлелдейтін құжаттар көшірмесін.
  3. Бар болған жағдайда, мұғалімдік білім дипломының көшірмесін.
  4. Толтырылған өтінімді – жүктеу.

Өтінімдер 2018 жылдың 25 шілдесіне дейін қабылданады

Skype-сұхбаттасу – байқаудың 2-ші кезеңі 2018 жыл шілденің 25 мен 29 аралығында өтеді.

Байқау жеңімпаздарының тізімі www.kazchess.kz сайтында жарияланады.