ФИДЕ АТАҚТАР БЕРУДЕ

Халықаралық шахмат федерациясынан қуанышты хабар. Жүлделер өздерінің иелерін тапты! Қазақстандық шахматшылардың халықаралық жарыстарда көрсеткен табысты өнер нәтижелері бойынша ФИДЕ оларға жаңа атақтарды беруге құқығын берді.

Қазақстан шахмат федерациясының кеңсесіне, 2018 жылы шілденің 9 мен 14 аралығында Шри-Ланкада оқұшылар арасында өткен Азия чемпионаты нәтижелеріне сәйкес келесі ойыншыларға сырттай атақтар берілгені жайлы хабарлама келді:

  1. Дінмухаммед Тулендинов – алған алтыны үшін – шеберге үміткер (CM), ЭЛО рейтингі 2000 жеткен жағдайда,
  2. Алим Тугузбай – қола үшін –ЭЛО рейтингі 2000 жеткен жағдайда шеберге үміткер (CM),
  3. Зейнеп Султанбек – алтын үшін – ЭЛО рейтингі 1900 жеткен жағдайда ФИДЕ әйелдер шебері ФИДЕ (WFM).

Берілген атақтарды иелену үшін, шахматшылар ФИДЕ кеңсесіне өтінімдерді жіберуі және тиісті жарналарды төлеуі қажет.

Сонымен бірге, халықаралық әйелдер гроссмейстері (WGM) Гүлісхан Нахбаеваға, оның Индияда көрсеткен табысты өнерінен соң, ФИДЕ оған ЭЛО рейтингі 2400 жеткенде ерлер шебері (IM) атағын берді.

Қазақстандық шахматшыларды лайықты иеленген атақтарымен құттықтаймыз!