ЕЛІМІЗ КУБОГЫ 2-ШІ КЕЗЕҢІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Қостанайда «Анатолий Уфимцев Мемориалы – 2018» шахмат бойынша Қазақстан балалар Кубогының 2-ші кезеңі аяқталуда. Жарыс, күтілгендей, соңғы партияға дейін, финалистер арасында қызығушылық пен белгісіздікке толы болды.

«А» турнирінде 10 жасқа дейінгі балалар арасында 97 қатысушы ойнады. Сөзсіз, бірінші номер бойынша бастапқыда бекітілген, жарыс жетекшісі астаналық Алихан Белжанов (рейтингі ЭЛО 1468) болды – алтын медаль.  Күміс медальді рейтингін 14 ұпаймен жақсартқан, ақтөбелік Алан Петухов (1366) жеңді.
Екі шахматшы да мүмкін болған 9 ұпайдың 8 жинады. Оңтүстік Қазақстан облысынан келген спортшы Исахан Бекберген (1413) 7 ұпай жинап, үшінші орынмен мәреге жетті – қола медаль. Турнирдің ең үздік шахматшы қызы болып, 6,5 ұпай жинаған, турнир 10-ғы жалғыз қыз – Астанадан Дана Каженова танылды. Соңғы кесте: жүктеу.
https://www.youtube.com/watch?v=Hg0s5ELP0Tc
«В» турнирінде – 14 жасқа дейінгі балалар арасында (78 қатысушы) мүмкін болған 9 ұпайдан 7 бірден бес шахматшы жинады! Алайда, қосымша көрсеткіштер бойынша бақ шахматшыларға келесі ретпен орындарды бөліп берді. Павлодардан бірден екі шахматшы жеңісті тойлады: Михаил Егоровқа (1916) – алтын, Владислав Малыгинға (1705) – күміс бұйырды. Құрметті үшінші орында Қызылордалық Султан Аманжол (1855) – қола. «В» турнирдің ең үздік шахматшы қызы деп Алматыдан Лия Курмангалиева танылды. Соңғы кесте: жүктеу.
«С» рейтингті турнирде 25 қатысушы арасынан мереке турнир иелерінің көшесінде болды: Нурлан Тлеубаев (2233) соңғы раундта алтын медальды, соңына келіп күміс медальді иеленген өзінің жерлесі Тимур Нуржановтан (2272) тартып алды.  Қола медаль Шымкенттен келген спортшы Ардақ Қанаевқа (2044) бұйырды. Бұл турнирде халықаралық шебер Мурат Жунусов (Талдықорған), шеберге кандидат Сатбек Ахмединов (Астана) және турнирдің ең үздік шахматсышы деп танылған, әйелдер арасында ФИДЕ шебері Гульнар Балаканова (Екібастұз) ойнады. Соңғы кесте: жүктеу.
ТОЛЫҒЫРАҚ АҚПАРАТ

8 мамыр күні барлық қалаушылар үшін өткен блиц-турнирде Нурлан Тлеубаев өзін керемет көрсетті. Алтын дубль қостанайлыққа ФИДЕ рейтингінде 7 орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Екінші болып соңына жеткен Сатбек Ахмединов – күміс иеленді, Өзбекстаннан келген халықаралық шебер Талгат Губайдулин (2322) – үшінші болып, қола медалін иеленді. Соңғы кесте: жүктеу.
«D» турнирінде 25,5 ұпаймен бірден үш команда соңына қарай жетті. Қосымша көрсеткіштер бойынша турнир алтынын Павлодарлық шахматшылар, күмісті – қызылордалықтар командасы, қоланы – Астананың бірінші командасының құрамасы жеңді. Соңғы кесте: жүктеу.

Мемориал аясында гроссмейстер Петр Костенконың қатысуымен бір мезгілде  20 тақтайда ойын өткізілді.

Қазақстан балалар кубогының 3-ші кезеңі келесі аптада, 18 маусымда Астанада басталады.