БАЛАЛАР КУБОГЫНЫҢ 1-ШІ КЕЗЕҢІ: АСТАНАҒА – АЛТЫН

26 мамыр күні Қызылордада «Аралбай Избасарович Махамбетов Мемориалы — 2018» шахмат бойынша Қазақстан балалар Кубогының 1-ші кезеңі аяқталды. Жеке және командалық есепте Астаналық спортшыларға тең келетіндер болған жоқ.

ТОЛЫҚ АҚПАРАТ
10 жасқа дейінгі балалар арасында мүмкін болған 9 ұпайдың 8-ін, бірден жарыстың екі фавориті жинады. Бірақ, қосымша көрсеткіштер бойынша алтын Астаналық Алимжан Амиркулға (рейтингі ЭЛО 1541), күміс – Ақтөбелік Алан Петуховқа (1366) бұйырды. Үшінші орынды лайықты Алматылық Мирас Асылов (1483) жеңіп алды. Төртінші орында Қарағанды облысынан келген шахматшы Даниял Сапенов (1153), оның рейтингі керемет ойын көрсеткені арқасында 128 ұпайға көтерілді! Соңғы кесте: жүктеу
14 жасқа дейінгі жас категориясында Қазақстанның астанасынан тағыда бір шахматшы, спорт шеберіне кандидат (CШ) Алдияр Ансат (1990) сенімді түрде жарыс соңына жетті – 9 ұпайдың 7,5 ұпайы және алтын медаль.  Бұл кез бірден 3 спортшы 7 ұпайдан жинағанын да айтып өту керек. Бірақ қосымша көрсеткіштер орындарды келесі түрде үйлестірді: күмісті Қостанай облысынан Чингисхан Саржанов (1990), қоланы алматылық Жангир Бижигитов (1741) жеңді. Соңғы кесте: жүктеу.
Еліміздің балалар Кубогының 1-ші кезеңінің қыздар арасында ең үздіктері болып:

  • 14 жасқа дейін – спорт шеберііне әйелдер кандидаты Астаналық (WCM) Амина Каирбекова (1811);
  • 10 жасқа дейінАлматыдан Елназ Калиахмет (1188), айтпақшы, ол өз рейтингтік көрсеткіштерін 94 ұпайға көтерді.

Мемориал аясында өткен опен жарыста мүмкін болған 9 ұпайдың 7,5 жинаған, Ақмолалық ФИДЕ (FM) шебері Бахтияр Нугуманов болып табылды. Екінші және үшінші орындарға алматылықтар – Казбек Примбетов (2253) және Станислав Зыбин (2280) шықты. Алматыдан тағыда бір спортшы, ФИДЕ мастері Асылхан Караев (2253) төртінші орынды иеленді (соңғы кесте: жүктеу).
Командалық жарыста да Астаналықтар күштірек болып шықты. Амина Каирбекова, Диас Алимбетов, Алимжан Амиркул және Ансар Сергазин өзге 17 командадан және де Қырғызстан командасынан келген қарсыларстарынан бір саты жоғары болды. Күмісті Алматыдан келген шахматшылар командасы, қоланы Қызылорда командасының алғашқы құрамасы жеңді (соңғы кесте: жүктеу).
Қазақстан Республикасының балалар Кубогының 2-ші кезеңі «Анатолий Гаврилович Уфимцев Мемориалы» Қостанай қаласында маусымның 5 мен 12 аралығында өтеді (толық ақпарат).