ОҚҰШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Шри-Ланка, Калутара қаласында өткен 2018 – Оқұшылар арасындағы 14-ші Азия чемпионатында әлемнің 16 елінен 7-ден 17 жасқа дейін 400 спортшы қатысты. Қазақстандық шахматшылар 2 алтын, 1 күміс және 2 қола жеңіп алды.

Турнирде 36 қазақстандық спортшы қатысты және олардың ішінен 12 шахматшы Қазақстан шахмат федерациясының ресми ойыншылар құрамына кірді.
Опен-турнирдің 7 жасқа дейінгі категориясында континенттің чемпионы болып Динмухаммед Тулендинов (1421) танылды. Көрсеткен өнерінде ол бір рет ғана Индиялық шахматшы Vivaan Vijay Saraogi мен ойынды теңдікпен бітірді. Нәтижеде – мүмкін болған 9 ұпайдан 8,5 ұпай және алтын медаль. Табысты ойын көрсету арқасында Димаш өзінің ФИДЕ рейтингіне 30 пункт қосты. Ескерте кетейік, осы жылдың сәуір айында Албанияда жас шахматшы 7 жасқа дейінгі оқұшылар арасында әлем чемпионы титулын жеңіп алды, және де біріншілік аяқталардан бір тур бұрын.
Қазақстанға тағыда бір алтынды WCM Зейнеп Султанбек (1654) алып келді. Қыздар арасында 15 жасқа дейінгі категорияда ол Индиядан және Бангладештен келген спортшылармен екі рет тең ойнады. Ал олар әрине өзара 2-ші және 3-ші орындарды бөліп алды. Біздің Зейнеп озінің рейтингтік көрсеткішін 90 пунктқа көтерді.
17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионатының күміс медалін WFM Назерке Нургали (2058) жеңіп алды. Жеңімпаз партиялар кезегі тек бір кез ғана Өзбекстан шахматшысы Ситора Сапароваға жеңілумен тоқталды. Ал ол әрине, алтын медальды иеленді.

11 жасқа дейінгі опен-турнирде қола медальді Алим Тугузбай жеңіп алды. Бір жеңіліс және екі тең ойын мүмкін болған 9 ұпайдан 7 ұпай жинауға мүмкіндік берді. Алимнің тамаша өнер көрсеткені – ФИДЕ рейтингіне қосқан 77 пунктпен дәлелденді.
Опен турнирдің 15 жасқа дейінгі категориясында құрметті қола медальді FM Абилмансур Абдилхаир (2235) жеңді. Абилмансур өзбекстандыққа және үндіске екі рет жеңіліске ұшрап, мәреде бір партияны тең ойынмен аяқтады. Нәтижеде мүмкін болған 9 ұпайдан 6,5 ұпай. Дәл сонша ұпайды осы жас категориясында 4-ші орынды иеленген басқа қазақстандық –  FM Арыстан Исанжулов (2142) жинады. Турнир иелерімен өткен екі партияның біреуін ол тең ойынмен, екіншісін жеңіліспен және тағы бір партияда ол Абилмансурға жеңілді.

Қазақстанның басқа шахматшылары арасынан Зарина Нургалиеваның көрсеткен өнерін жеке атап өтерлік. Моңғолия қола жүлдегері сияқты ол 9 жасқа дейінгі қыздар арасындағы турнирде мәреге мүмкін болған 9 ұпайдың 7 ұпайымен жетті. Бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша ол 4-ші орынды иеленді.

Дияр Пахирдинов (1153) керемет өнер көрсетті.  Бастапқыда 9 жасқа дейінгі опен-турнирді 17 орынмен ойынды бастаған ол мәреге 5-ші болып жетті және ФИДЕ рейтингіне қосымша 60 пункт. Осындай орынды 10 жасқа дейінгі опен-турнирде Бекмухамед Несипбаев (1543) алды. 13 жасқа дейінгі қыздар арасында төртінші болып Лия Курмангалиева (1685) мәреге жетті.
9 турдың нәтижелері бойынша 6-ші орынды иеленген WFM Асель Серикбай (2179) 17 жасқа дейінгі опен-турнирде ең үздік шахматшықыз деп танылды. Осы жас категориясында да Аят Абдуллаев өнер көрсетті. Жеңілспен біткен 3 партияға, екі тең ойынға қарамай ол бастапқы тізімдегі орнын сақтап қалды (11) және де оған қоса 8-ші орынға көтерілді. Нәтижеде, рейтингіне қосымша 90 пункт.

ТОЛЫҚ АҚПАРАТ