ЕЛІМІЗ БАЛАЛАР КУБОГЫ IV КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ – 2018

Ақтауда «Лазарь Елмуханбетов Мемориалы – 2018» шахмат бойынша Қазақстан балалар Кубогының 4-ші кезеңі аяқталды.  Турнир достық күйінде өтті, шағымдар мен наразылықтар келіп түскен жоқ. Соңғы турға дейін барлық қатегорияларда жеңімпаз есімі белгісіз болды.

Турнирде Маңғыстау, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстарынан және де Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан шахматшылар қатысты.
В турнирінде  (14 жасқа дейін) 56 қатысушы болды. Мүмкін болған 9 ұпайдан 8 ұпайды астаналық Амина Каирбекова жинады (WCM, ЭЛО рейтингі 1828) – алтын медаль. Ақтөбе облысынан Алмас Шудабай да 8 ұпай жинады (ЭЛО 1662), алайда қосымша көрсеткіштер бойынша ол екінші орынды иеленді – күміс медаль. 6,5 ұпайды шымкенттік Бейбарыс Тасболат (1353) жинады – қола медаль.

Турнир номинациялары:
14- жасқа дейінгі қыздар арасында

  • 1 орын – Ирада Абишева (Ақтөбе облысы)
  • 2 орын – Айдана Кушбай (Маңғыстау облысы)
  • 3 орын – Назымгул Атагуллина (Ақтөбе облысы)

12 жасқа дейінгі ұл-балалар арасында

  • 1 орын –Диас Алимбетов (Астана)
  • 2 орын – Нурсипат Кайрош (Атырау облысы)
  • 3 орын – Мендыгалиев Асылхан (Қостанай облысы)

12 жасқа дейінгі қыз-балалар арасында

  • 1 орын –Айя Даушева (Қостанай облысы)
  • 2 орын –Мейржан Каратайкызы (Астана)
  • 3 орын – Зухра Сарсенби (Атырау облысы)

79 шахматшы қатысқан С турнирінде қиян-кескі күрес қалыптасты (10 жасқа дейін). Үш жүлдегер жарыс барысында алма-кезек  үздіктер үштігінде орындарын алмасып отырды. Ақыры, 9-шы тур орындарды келесідей бөліп берді. Алтынды астаналық Алихан Бельжанов (1542), күмісті – алматылық Мирас Асылов (1399), қоланы – турнир иесі Эдгар Мамедов (1438) жеңді.

Турнир номинациялары:
10 жасқа дейінгі қыз-балалар арасында

  • 1 орын – Кализа Айжарык (Алматы)
  • 2 орын – Маншук Камашева (ШҚО)
  • 3 орын – Зарина Койшиева (Маңғыстау облысы)

8 жасқа дейінгі ұл-балалар арасында

  • 1 орын – Акылжан Мейрханулы (Қызылорда обл., Арал қ.)
  • 2 орын – Назар Талгатов (Маңғыстау облысы)
  • 3 орын – Адилбек Адилханов (Қостанай облысы)

8 жасқа дейінгі қыз-балалар арасында

  • 1 орын –Ажара Апсаликова (ШҚО)
  • 2 орын – Зейнеп Жаппар (Қызылорда облысы)
  • 3 орын – Ханзада Аманжол (Ақтөбе облысы)

21 спортшының қатысуымен А рейтингтік турнирде  байсалдықпен Ақтөбе облысынан ФИДЕ шебері (FM) Илья Моисеенко (ЭЛО 2293) өнер көрсетті. 9 турнирде ол бір рет ғана партияны теңестірді, және соңында 8,5 ұпай жинап және алтын медальді иеленді.  Турнирдің тағы да басқа екі жүлдегері лайықты ойын көрсетті – Маңғыстау облысынан Шынғыс Кенжебаев (2045) – күміс және Қызылорда облысынан Мейіржан Бармағамбетов (1944)– қола.

Турнир номинациялары:

  • Әйелдер арасында ең жоғары нәтиже – Сакыпжамал Бармагамбетова (Қызылорда обл., Арал қ.)
  • 1958 ж/т және одан жасы үлкен ардагерлер арасындағы ең жоғары нәтиже – Хасен Муртазин (Маңғыстау облысы)
  • Маңғыстау шахматшылары арасындағы ең жоғары нәтиже – Нурали Ахмеджанов (Маңғыстау облысы)

Блиц-турнирінде (61 қатысушы) сол А турнирінде соңына жеткендер болды. Шынғыс қола, Мейіржан – күміс, ал Ильяға алтын бұйырғаны айырмашылық болды.

Турнир номинациялары:

  • Әйелдер арасында ең жоғары нәтиже  – Сакыпжамал Бармагамбетова (Қызылорда облысы),
  • 1958 ж/т және одан жасы үлкен ардагерлер арасындағы ең жоғары нәтиже – Хасен Муртазин (Маңғыстау облысы),
  • Маңғыстау шахматшылары арасындағы ең жоғары нәтиже – Айгали Биманов (Маңғыстау облысы),
  • 2004 ж/т және одан жас болған жасөспірімдер арасындағы ең жоғары нәтиже – Мурат Омаров (Маңғыстау облысы),
  • 2004 ж/т және одан жас болған қыз-балалар арасындағы ең жоғары нәтиже – Амина Каирбекова (Астана)

D командалық турнирде 11 команда арасында Астана командасына тең келерлік болмады – алтын медаль. Күмісті Ақтөбе облысынан келген шахматшылар жеңді, қола медальдарь турнир иелеріне бұйырды.

Мемориал аясында 7 шілде күні Қазақстан қаласы Ақтау құрамасы және Азербайджан қаласы Кусары құрамасы арасында достық жарысы болып өтті. Командалар тең ойнады – 3:3. Тараптар бұл бастаманы ұнатып, мұндай кездесулерді айына бір рет ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
Турнирдің құрметті қонағы халықаралық әйелдер гроссмейстері, бірнеше рет әлем чемпионы және UNICEF халықаралық балалар қорының ізгі ниетті елшісі Динара Садуакасова болды. Мемориал аясында Динара турнир қатысушылары үшін 23 тақтайшада сессия өткізді.

Турнир ұйымдастырушылары – Қазақстан шахмат федерациясы, ҚР мәдениет және спорт Министірлігі, Маңғыстау облыстық шахмат федерациясы.

Турнир демеушілері – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік фонды.

ТОЛЫҒЫРАҚ АҚПАРАТ